"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) жоғарыда көрсетілген Ереженің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Д. Сатыбалды |
А.Ш. Жетпісбай | |
Е.А Әлімқұлов | |
Е.Кенжеханұлы | |
Б.Д .Тәжібаев | |
Қ.Ә.Қайыпбек | |
А.Б.Тасыбаев |
Түркістан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 21 ақпандағы № 29 қаулысына қосымша |
"Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. "Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) кәсіпкерлік және өнеркәсіп қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарманың ведомстволық бағынысты ұйымдары жоқ.
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Басқарма мемлекеттік мекеме ретінде ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Басқарма өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
6. Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Басқарма құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көше, 20 ғимарат, индексі 161200.
10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
11. Басқарманың құрылтайшысы Түркістан облысының әкімдігі болып табылады.
12. Басқарма қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарма өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес, Басқарма "Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы" және "Түркістан облысының инвестиция және экспорт басқармасы" мемлекеттік мекемелерінің барлық құқықтары мен міндеттемелері бойынша құқықтық мирасқоры болып табылады.
2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
14. Мақсаттары:
1) облыстың салаларын дамыту үшін инвестициялар тарту;
2) кәсіпкерлікті қолдау және жеке кәсіпкерлікті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
3) заңнамада белгіленген тәртіпте басқарманың қызмет саласына қатысты салаларда қызмет ететін шетелдік заңды және жеке тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау;
4) сыртқы экономикалық қызмет және халықаралық байланыстарды дамыту саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
5) республиканың облыстарымен, жақын және алыс шетелдермен аймақтың аймақаралық, интеграциялық өзара тиімді байланыстарын дамыту және нығайту, шекаралық ынтымақтастықты жандандыру, облыстың экспорттық-импорттық әлуетін тиімді пайдалануға, аймақтық тауарөндірушілердің өнімдерін шетке шығару географиясын және өткізу нарығын кеңейтуге, шетелдік инвестиция тартуға ықпал ету;
6) индустриялық кәсіпкерліктің әлеуетін арттыру арқылы индустрияландыруды тереңдету;
7) ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысқа ие өңделген тауарлардың өндіріс көлемін ұлғайту және номенклатурасын кеңейту;
8) базалық өндірістерді дамытуды ынталандыру және стратегиялық жобаларды іске асыру арқылы өнеркәсіптік қуаттарды ұлғайту;
9) өңдеуші өнеркәсіп салаларын технологиялық дамыту және цифрландыру.
15. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыс әкімі шешімдерінің, өкімдерінің, облыс әкімдігі қаулыларының жобасын дайындауға қатысады;
заңнамамен белгiленген тәртiпте мемлекеттiк органдардан, аудан, қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарынан, басқа да ұйымдардан өзіне жүктелген қызметті жүзеге асыруға қажетті мәліметтер сұратады, сондай-ақ басқа мемлекеттiк органдарға мәліметтер ұсынады;
Басқарманың қарамағындағы ұйымдарды құру, қайта құру және тарату бойынша облыс әкімдігіне ұсыныстар енгізеді;
өз құзыреті шегінде Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың қызметін басқаруды жүзеге асырады;
Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарға әдістемелік, кеңестік, практикалық көмек көрсетеді;
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі және "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметтерді жүзеге асырады;
өз құзыреті шегінде кеңестер, семинарлар, конференциялар ұйымдастырады;
негізгі қызметі кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған заңды тұлғаларды құруға және (немесе) олардың жарғылық капиталына қатысуға ұсыныс енгізеді;
заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, өзге ұйымдар мен жеке тұлғалардан өз құзыреті шегінде қызметті жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттарды сұратады және алады;
Басқарманың қарамағындағы акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысты мемлекеттік басқару және уәкілетті органының қызметін атқарады.
кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған келісімшарттарды біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын бұзу;
заңнамада көрсетілген негізде басқа да құқықтарды жүзеге асырады.
2) міндеттері:
мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы мен орындалуын қамтамасыз ету және жауапты болу;
мемлекеттiк және салалық бағдарламаларды әзiрлеуге республикалық және облыстық бюджеттерден бөлiнетiн қаражатты игерудi қамтамасыз ету;
сауда саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
басқару саласына жататын салаларда қызметін жүзеге асыратын шетелдік заңды және жеке тұлғалармен заңнамада белгіленген тәртіппен өзара іс-қимыл жасау:
индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асырып жатқан индустриялық-инновациялық инфрақұрылымның элементтеріне, индустриялық-инновациялық жүйенің субъектілеріне әдістемелік, консультациялық, практикалық және өзге де көмек көрсетеді;
Басқарманың қарамағындағы мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарының Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен жарғыларын әзірлейді;
бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік тауарларды (жұмыстар, қызмет көрсетулер) сатып алу бойынша ұйымдастырушысы және тапсырыс берушісі бола отырып, келісім шарттарды түзеді және олардың орындалуын бақылайды;
заңнамада көрсетілген негізде басқа да міндеттерді жүзеге асырады.
16. Функциялары:
1) жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету;
2) жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн жағдайлар жасау;
3) өңірлерде кәсіпкерлерді қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы мен орындалуын қамтамасыз ету және соған жауапты болу;
4) өңiрде шағын және орта кәсiпкерлiк пен инновациялық қызметтi қолдау инфрақұрылымы объектiлерiн құру мен дамытуды қамтамасыз ету;
5) кәсіпкерлік саласындағы Өңірлік үйлестіру кеңесін қызметін ұйымдастыру;
6) көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асыру;
7) өз құзыретi шегiнде ішкі сауда субъектiлерiнiң қызметiн реттеудi жүзеге асыру;
8) облыста сауда қызметiне қолайлы жағдайлар жасау жөнiнде шаралар әзiрлеу;
9) сауда саясатын жүргiзудi қамтамасыз ету;
10) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін бекіту үшін облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
11) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін бекіту үшін облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
12) сараптама кеңестерінiң қызметiн ұйымдастыру;
13) электрондық сауданы дамыту;
14) сауда инфрақұрылымын дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларды әзірлеу және іске асыру;
15) ішкі сауда субъектілерін, оның ішінде отандық өндірістің азық-түлік тауарлары саудасын жүзеге асыратындарды экономикалық ынталандыру шараларын қолдану;
16) ішкі сауда субъектілерінің іскерлік белсенділігін сауда қызметі саласында көрмелер, жәрмеңкелер ұйымдастыру және өткізу арқылы ынталандыру;
17) сауда қызметкерлерін кәсіптік даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін дамыту және жетілдіру, кәсіптік емес негізде еңбек нарығын қалыптастыру;
18) шекарааралық сауданы дамыту;
19) ішкі сауда желілерін дамыту;
20) жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыруды жүзеге асыру;
21) жергілікті атқарушы органдардың жеке кәсіпкерлік бірлестіктерімен, Ұлттық палатамен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым қатынасын дамыту стратегиясын айқындау;
22) шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн мамандар мен кадрларды даярлауды, даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру;
23) ұлттық-аумақтық кластерлерді дамытуды жүзеге асыру;
24) облыс әкімдігіне халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері бойынша ұсыныстар әзірлеу;
25) облыс әкімдігіне ұсыныстар әзірлеу және халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативіне қол жеткізу жөніндегі шараларды іске асыру;
26) құзыреті шегінде шикізаттық емес экспортты ілгерілетуді жүзеге асыру;
27) құзыреті шегінде шикізаттық емес экспортты дамыту үшін жағдайлар жасау;
28) өңірдің өнеркәсіптік саясатын қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
29) өнеркәсіптік-инновациялық инфрақұрылым элементтеріне, өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілеріне әдістемелік, консультациялық, практикалық және өзге де көмек көрсету;
30) тауарларын, жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерін сатып алу елішілік құндылық мониторингіне жататын ұйымдардың тізбесіне сәйкес ұйымдардың сатып алуындағы елішілік құндылық бойынша ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және оны өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде беру;
31) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру туралы ақпаратты беру;
32) индустриялық даму бойынша Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеуге қатысу;
33) өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырыстарында өңірдің индустриялық дамуы туралы баяндауды дайындау;
34) "Өнеркәсіптік саясат туралы" заңға сәйкес өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету;
35) бірыңғай индустрияландыру картасы шеңберінде өнеркәсіптік-инновациялық жобалардың іске асырылуын үйлестіруді жүзеге асыру және тоқсан сайын өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға ақпарат беру;
36) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде сауда қызметiне қолайлы жағдайлар жасау жөнiнде шаралар әзiрлеу;
37) өз құзыреті шегінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың жұмыс істеуі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
38) арнайы индустриалдық және экономикалық аймақтардың әлеуетті қатысушыларын тарту;
39) арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясымен өңірлік маңызы бар арнайы индустриалдық және экономикалық аймақтың басқарушы компаниясының функцияларын тиісінше орындау жөніндегі шартты жасасу;
40) арнайы индустриалдық және экономикалық аймақтар қатысушыларының қызметті жүзеге асыру туралы шарттардың талаптарын орындауына мониторингті жүзеге асыру, сондай-ақ мониторингтің деректерін талдау;
41) уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша республикалық маңызы бар индустриялық аймақты құру, оның жұмыс iстеуiн ұзарту немесе тарату туралы шешiмдер қабылдау жөнiнде облыс әкiмдiгiне ұсыныстар енгiзу;
42) облыс әкімдігіне облыстық маңызы бар индустриялық аймақты, сондай-ақ шағын индустриялық аймақты құру, қызмет ету мерзімін ұзарту немесе тарату туралы шешімдер қабылдау жөнінде ұсыныстар енгізу;
43) жеке индустриялық аймақтарды құру тұжырымдамасын келісу бойынша облыс әкімдігіне ұсыныстар енгізу;
44) арнайы индустриялық аймақ мәртебесін бере отырып, арнайы индустриялық аймақтар құру тұжырымдамасын келісу бойынша облыс әкімдігіне ұсыныстар енгізу;
45) облыс әкімдігіне арнайы индустриялық аймақ мәртебесінен айыру туралы шешім қабылдау туралы ұсыныстар енгізу;
46) облыс әкімдігіне жалпы санының кемінде елу пайызын құрайтын кәсіпкерлік субъектілері өкілдерінің қатысуымен өңірлік үйлестіру кеңесін құру туралы ұсыныстар енгізу;
47) республикалық немесе облыстық маңызы бар индустриялық аймақ туралы үлгілік ережені негізге ала отырып, облыс әкімдігіне республикалық немесе облыстық маңызы бар индустриялық аймақ туралы ережені бекіту туралы ұсыныстар енгізу;
48) облыс әкімдігіне индустриялық аймақты құру жөніндегі жобаларды іске асыру, оның ішінде индустриялық аймақ құру тұжырымдамасы бойынша ұсыныстар енгізу, сондай-ақ индустриялық аймақ құру үшін инфрақұрылымды салуға жобалау-сметалық құжаттаманың ведомстводан тыс кешенді сараптамасын қамтамасыз ету;
49) индустриялық аймақтарды дамыту жоспарларының жобаларын әзірлеу бойынша облыс әкімдігіне ұсыныстар енгізу;
50) облыс әкімдігіне индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларын анықтау жөнінде ұсыныстар енгізу;
51) Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген тәртіппен арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды орналастыру үшін жер учаскелерін беру туралы облыс әкімдігіне ұсыныстар енгізу және арнайы экономикалық басқарушы компаниялармен шарттар жасасу және мемлекеттік жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) арналған үлгілік шарттар негізінде арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақ құрылатын мемлекеттік жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) арналған индустриялық аймақтар;
52) кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу және кен іздеушілік үшін жер қойнауын пайдалану құқығын беру;
53) жер қойнауын пайдаланушылардың кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге, кен іздеушілікке лицензиялар шарттарын сақтауын бақылауды және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операциялардың жүргізілуіне, кен іздеушілікке мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
54) жер қойнауын пайдаланушылардың пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияда және "Жер қойнауы және Жер қойнауын пайдалану туралы" Кодексте көзделген өндіру шарттарын сақтауына бақылауды жүзеге асыру;
55) өздері берген кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензиялар және кен іздеушілікке арналған лицензиялар туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету;
56) бөлшек саудада өткізу үшін бағаны мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін тұтыну болжамын мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға жыл сайын ұсыну;
57) мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға өңірлердегі бөлшек сауда бағалары мен қорлар мониторингі туралы мәліметтерді ұсыну;
58) мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға аудандар мен қалалар бойынша бөлшек сауда бағалары туралы ақпаратты және қалалардағы жанар-жағармай құю станциялары жағдайында бөлшек сауда бағалары туралы ақпаратты күн сайын ұсыну;
59) жер қойнауын пайдалануға лицензияны қайта ресімдеу арқылы өзгертуді іске асыру;
60) жер қойнауын пайдаланушылардың келiсiмшарттардың, оның iшiнде өнiмдi бөлу туралы келiсiмдердiң және (немесе) жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялардың талаптарын сақтауын бақылауды құзыреттi орган (келiсiмшарттың тарапы болып табылатын және (немесе) жер қойнауын берген мемлекеттiк орган) жүзеге асырады. лицензияны пайдалану);
61) жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органының аумақтық бөлімшесімен келісім бойынша пайдалы қазбалар жатқан аумақтарды игеруге рұқсат беру;
62) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге берілген жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге қою келісімшарттарын тіркеу;
63) берілген лицензиялар тізілімін жүргізу;
64) осы Кодексте тыйым салынбаған жер қойнауын пайдалану құқығының кепілі (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес) осындай жер қойнауын пайдалану құқығын беретін тиісті мемлекеттік органда мемлекеттік тіркелуге жатады;
65) жалпы таралған пайдалы қазбалар бойынша тарату қорын пайдалануға рұқсат беру;
66) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
17. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
18. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
19. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
20. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) Басқарманың қызметін ұйымдастырады және басқарады;
2) Басқармаға жүктелген міндеттер мен қызметтердің, облыс әкімі мен жетекшілік ететін облыс әкімі орынбасарының тапсырмаларының орындалуына дербес жауапты болады;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Басқарманың қызметкерлерін, сондай-ақ Басқарманың қарамағындағы мекемелердің басшыларын жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
4) Басқарманың атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
5) барлық мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;
6) келісімшарттар жасасады;
7) сенімхаттар береді;
8) банктік шоттар ашады;
9) өз уәкілеттігі шегінде Басқарманың барлық қызметкерлеріне, сондай-ақ Басқарманың қарамағындағы мекемелердің бірінші басшыларына орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
10) Басқарманың қызметкерлеріне, сондай-ақ Басқарманың қарамағындағы мекемелердің басшыларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте мадақтау шараларын және тәртіптік жаза қолданады;
11) сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне қарсы әрекеттерді күшейту бойынша шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың бұзылуына дербес жауапты болады;
12) бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты болады;
13) қаржылық-шаруашылық қызметіне және оған берілген мүліктің сақталуына дербес жауапты болады;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Ережемен және облыс әкімдігімен оған жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады;
15) Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
21. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
22. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарманың өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
25. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
1) "TỦRKISTAN" кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2) "TURKISTAN INVEST" инвестицияларды тарту және экспортты дамыту жөніндегі аймақтық агенттігі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
3) "Turkistan" арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы" акционерлік қоғамы.