2023-2024 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

Жаңа

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 31 тамыздағы № 185 қаулысы

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2023-2024 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін оның Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Түркістан облысы әкімінің орынбасары Б.Д. Тәжібаевқа жүктелсін.

      Облыс әкімі Д. Сатыбалды

  Түркістан облысы
әкімдігінің 2023 жылғы
31 тамыздағы
№ 185 қаулысына
қосымша

Резидентура 2023-2024 оқу жылына жоғары оқу орнынан кейінгі (резидентура) білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы (жергілікті бюджет есебінен)

Дайындық бағыттарының коды және жіктелуі

Білім беру топтары бағдарламаларының атауы және коды

2023-2024 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі (орындар саны)

Жылына 1 Резидент дәрігерді оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге) күндізгі оқу

ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары

жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің басқа да ұйымдары

7R01 Денсаулық сақтау (медицина)

 
1

7R011 Денсаулық сақтау

R032 Акушерство и гинекология ересектердің, балалардың

6

1939900

1398900

R001 Кардиология ересектердің, балалардың

6

1939900

1398900

R017 Анестезиология и реаниматология ересектердің, балалардың

20

1939900

1398900

R027 Офтальмология ересектердің, балалардың

10

1939900

1398900

R028 Оториноларингология ересектердің, балалардың

4

1939900

1398900

R025 Травматология-ортопедия ересектердің, балалардың

5

1939900

1398900

R003 Аллергология и иммунология ересектердің, балалардың

1

1939900

1398900

R019 Ангиохирургия ересектердің, балалардың

1

1939900

1398900

R008 Эндокринология ересектердің, балалардың

2

1939900

1398900

R024 Онкология ересектердің

3

1939900

1398900

R020 Нейрохирургия ересектердің, балалардың

2

1939900

1398900

Барлығы

60

-

-


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады