Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы "Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" № 122 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13418 болып тіркелген) сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2023-2024 оқу жылына арналған жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмі бар кадрларды даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы орналастырылатын жоғары оқу орындарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін.
2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін оның Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Түркістан облысы әкімінің орынбасары Б.Д. Тәжібаевқа жүктелсін.
Облыс әкімі | Д. Сатыбалды |
Түркістан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 31 қазандағы № 235 қаулысына қосымша |
2023-2024 оқу жылына арналған жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы орналастырылатын жоғары оқу орындарының тізбесі (жергілікті бюджет есебінен)
р/с | Жоғары оқу орынның атауы | Білім беру саласының коды және сыныпталуы | Білім бағдарламалары тотарының коды және атауы | 2023-2024 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі (орын саны) |
1 | "Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты" акционерлік қоғамы | 7R01 Денсаулық сақтау (медицина) | R001 - Кардиология ересектердің, балалардың | 6 |
R008 - Эндокринология ересектердің, балалардың | 2 | |||
2 | "С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақұлттық медицина университеті" комерциялық емес акционерлік қоғамы | 7R01 Денсаулық сақтау (медицина) | R032 – Акушерия и гинекология ересектердің, балалардың | 6 |
R017 - Анестезиология и реаниматология ересектердің, балалардың | 5 | |||
R027 - Офтальмология ересектердің, балалардың | 10 | |||
R028 -Оториноларингология ересектердің, балалардың | 4 | |||
R003 - Аллергология и иммунология ересектердің, балалардың | 1 | |||
R019 - Ангиохирургия ересектердің, балалардың | 1 | |||
R024 - Онкология ересектердің | 3 | |||
R020-Нейрохирургия ересектердің,балалардың | 2 | |||
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Академик Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны | 7R01 Денсаулық сақтау (медицина) | R025 - Травматология-ортопедия ересектердің, балалардың | 5 | |
3 | "Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті" | 7R01 Денсаулық сақтау (медицина) | R017 - Анестезиология и реаниматология ересектердің, балалардың | 9 |
4 | "Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы" акционерлік қоғамы | 7R01 Денсаулық сақтау (медицина) | R017 - Анестезиология и реаниматология ересектердің, балалардың | 6 |
Жиыны | 60 |