Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде № 32894 болып тіркелген) сәйкес, Арыс қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Түркістан облысы Арыс қаласы ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Түркістан облысы Арыс қаласы ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат төрағасы | Қ.Ахметов |
Арыс қалалық мәслихатының 2023 жылғы 1 қарашадағы № 9/57-VІІІ шешіміне 1 қосымша |
Түркістан облысы Арыс қаласы ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Түркістан облысы Арыс қаласы ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде № 32894 болып тіркелген) сәйкес әзірленді және Түркістан облысы Арыс қаласы ауылдық округ тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1)жергілікті қоғамдастық бөлек жиыны – ауылдық округ тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы;
2)жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы.
2 тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, көшелер) бөлінеді.
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
5. Ауылдық округтің әкімі жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын шақырады және өткізуді ұйымдастырады.
Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған кезде көппәтерлі үйдің бөлек жиындары жүргізілмейді.
6. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты,
орны және талқыланатын мәселелер туралы жергілікті қоғамдастықтың халқын ауылдық округтің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді.
7. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ашудың алдында тиісті ауылдың қатысып отырған тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Кәмелетке толмағандардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдардың жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысуына жол берілмейді.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, көшеде тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.
9. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Арыс қалалық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының қатысушылары ұсынады.
10. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын жинаған кандидаттар сайланды деп есептеледі.
Егер жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында дауыс беру кезінде қатысушылардың дауыстары тең бөлінген жағдайда, бөлек жиынның төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.
11. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасына төраға мен хатшы қол қояды және бөлек жиын өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жиын хатшысы тіркеу үшін ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.
Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында хаттама жүргізіледі, онда:
1) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының өткізілген күні мен орны;
2) тиісті аумақта тұратын және жергілікті қоғамдастық жиынына немесе жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;
3) қатысушылардың саны және олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген тізім;
4) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);
5) күн тәртібі, сөйленген сөздердің мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.
Арыс қалалық мәслихатының 2023 жылғы 1 қарашадағы № 9/57-VІІІ шешіміне 2 қосымша |
Түркістан облысы Арыс қаласы ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы Ақдала ауылдық округі
№ | Елді мекеннің атауы | Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерінің саны (адам) |
1. | Ақдала ауылдық округі Ақдала ауылының Ғ.Мұратбаев, Ж.Сейтбеков, №1, №2, Бәйтерек, Сенім, Тәуелсіздік, Абай, Т.Төрегелдиев, Парасат көшелері тұрғындары үшін | 3 |
2. | Ақдала ауылдық округі Ақдала ауылының С.Сейфуллин, К.Омаров, Астана, Нұрлы, №5, №6, Көрікті, Бастау, Ақниет көшелері тұрғындары үшін | 3 |
3. | Ақдала ауылдық округі Ақдала ауылының Амангелді, С.Ерубаев, М.Мақатаев, И.Байзақов, Б.Онтаев көшелері тұрғындары үшін | 2 |
4. | Ақдала ауылдық округі П.Арапов елді мекені тұрғындары үшін | 1 |
Барлығы: | 9 |
Байырқұм ауылдық округі
№ | Елді мекеннің атауы | Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерінің саны (адам) |
1. | Байырқұм ауылдық округі Байырқұм ауылының Ш.Жұмабеков, Т.Тәжібаев, Қазыбек би, Ә.Байбашев, Астана, Сарыарық, Желтоқсан, А.Байтұрсынов, С.Адамбеков көшелері тұрғындары үшін | 2 |
2. | Байырқұм ауылдық округі Байырқұм ауылының С.Тұрғынбаев, Әйтеке би, Б.Майлин, Ы.Алтынсарин, С.Сейфуллин, М.Дулатов, Төле би, М.Жұмабаев, Абылайхан, Сырдария, Кенжебай баба, Сүлімарық, Абай көшелері тұрғындары үшін | 2 |
3. | Байырқұм ауылдық округі Көкжиде ауылының тұрғындары үшін | 2 |
4. | Байырқұм ауылдық округі Жосалы ауылының тұрғындары үшін | 1 |
Барлығы: | 7 |
Дермене ауылдық округі
№ | Елді мекеннің атауы | Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерінің саны (адам) |
1. | Дермене ауылдық округі Дермене ауылы тұрғындары үшін | 3 |
2. | Дермене ауылдық округі Саналы ауылы тұрғындары үшін | 2 |
3. | Дермене ауылдық округі Қаражантақ ауылы тұрғындары үшін | 1 |
4. | Дермене ауылдық округі Теміржолшы ауылы тұрғындары үшін | 1 |
5. | Дермене ауылдық округі Орманды ауылы тұрғындары үшін | 1 |
6. | Дермене ауылдық округі Қызылкөпір ауылы тұрғындары үшін | 1 |
Барлығы: | 9 |
Жиделі ауылдық округі
№ | Елді мекеннің атауы | Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерінің саны (адам) |
1. | Жиделі ауылдық округі Жиделі ауылы тұрғындары үшін | 3 |
2. | Жиделі ауылдық округі Аққала ауылы тұрғындары үшін | 3 |
Барлығы: | 6 |
Қожатоғай ауылдық округі
№ | Елді мекеннің атауы | Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерінің саны (адам) |
1. | Қожатоғай ауылдық округі Қожатоғай ауылы тұрғындары үшін | 3 |
2. | Қожатоғай ауылдық округі Байтоғай ауылы тұрғындары үшін | 3 |
3. | Қожатоғай ауылдық округі Шөгірлі ауылы тұрғындары үшін | 2 |
4. | Қожатоғай ауылдық округі Бұлақ ауылы тұрғындары үшін | 1 |
5. | Қожатоғай ауылдық округі Дарбаза ауылы тұрғындары үшін | 1 |
Барлығы: | 10 |
Монтайтас ауылдық округі
№ | Елді мекеннің атауы | Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерінің саны (адам) |
1. | Монтайтас ауылдық округі Монтайтас ауылы тұрғындары үшін | 5 |
2. | Монтайтас ауылдық округі Атамекен ауылының тұрғындары үшін | 2 |
3. | Монтайтас ауылдық округі Шағыр ауылының тұрғындары үшін | 2 |
4. | Монтайтас ауылдық округі Қабылсай ауылының тұрғындары үшін | 2 |
5. | Монтайтас ауылдық округі Бақырша ауылының тұрғындары үшін | 1 |
6. | Монтайтас ауылдық округі Тоғансай ауылының тұрғындары үшін | 1 |
7. | Монтайтас ауылдық округі №42 разъезд ауылының тұрғындары үшін | 1 |
8. | Монтайтас ауылдық округі Ақтас ауылы тұрғындары үшін | 1 |
Барлығы: | 15 |