Қауымдық сервитутты белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Кентау қаласы әкiмдігінiң 2023 жылғы 11 желтоқсандағы № 363 қаулысы. Күші жойылды - Түркістан облысы Кентау қаласы әкiмдігінiң 2024 жылғы 3 қаңтардағы № 3 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Кентау қаласы әкiмдігінiң 03.01.2024 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 18, 69 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мирас Байкен" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Кентау қаласы "Байылдыр кен қалдықтар сақтау қоймасы" аумағын пайдалы қазбаларды барлау үшін, жалпы көлемі 363,0 гектар жер учаскесін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан 2025 жылдың 22 шілдесіне дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Мирас Байкен" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін бұзылған жерді қалпына келтіру жұмыстарын бір ай мерзімнен кешіктірілмей жүргізуге және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптарды сақтай отырып жүргізуді қамтамасыз етсін.

      3. Кентау қаласы әкімдігінің "Кентау қалалық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күн ішінде оның орыс және қазақ тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасынының Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикалық нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Кентау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Кентау қаласы әкімінің орынбасары Ғ.Төлеповке жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Ж.Тасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады