"Қауымдық сервитутты белгілеу туралы" Кентау қаласы әкімідігінің 2023 жылғы 11 желтоқсандағы № 363 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Кентау қаласы әкiмдігінiң 2024 жылғы 3 қаңтардағы № 3 қаулысы. Күші жойылды - Түркістан облысы Кентау қаласы әкiмдігінiң 2024 жылғы 18 қыркүйектегі № 443 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Кентау қаласы әкiмдігінiң 18.09.2024 № 443 қаулысымен.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабына сәйкес Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қауымдық сервитутты белгілеу туралы" Кентау қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 11 желтоқсандағы № 363 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Кентау қаласы әкімдігінің "Кентау қалалық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күн ішінде оның орыс және қазақ тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасынының Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикалық нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Кентау қаласы әкімдігі интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Кентау қаласының әкімі Ғ.Төлеповке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Ж.Тасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады