Түркістан қаласының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін 2023 жылға арналған жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Түркiстан қаласы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 18 қаулысы. Күші жойылды - Түркістан облысы Түркiстан қаласы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 366 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Түркiстан қаласы әкiмдiгiнiң 20.09.2023 № 366 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 7), 8), 9) тармақшаларына, 27 бабының 1 тармағының 2), 3), 4) тармақшаларына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығымен бекітілген "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына" сәйкес, Түркістан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      3. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 3-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      4. Осы қаулының орындалуы қала әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.Кузембаевқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Н.Тұрашбеков

  Түркістан қаласының әкімдігінің 2023 жылғы
"27" қаңтардағы "Түркістан қаласының пробация
қызметінің есебінде тұрған адамдарды,
бас бостандығынан айыру орындарынан
босатылған адамдарды және ата-анасынан
кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған
немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған,
білім беру ұйымдарының түлектері болып
табылатын жастар қатарындағы азаматтарды,
жұмысқа орналастыру үшін 2023 жылға арналған
жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы"
№ 18 қаулысына № 1 қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін Түркістан қаласы ұйымдарының тізімі

Ұйым атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны)

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1

"Түркістан-су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

208

1

2

2

"KAZSTROY A & G COMPANY" ЖШС-нің Түркістан қаласындағы филиалы

147

1

1

3

"Түркістан жарық-тазалық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

330

1

3

4

Түркістан қаласы әкімдігінің инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің "Жасыл Түркістан" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

255

1

2

Барлығы:

940


8

 
  Түркістан қаласының әкімдігінің 2023 жылғы
"27" қаңтардағы "Түркістан қаласының пробация
қызметінің есебінде тұрған адамдарды,
бас бостандығынан айыру орындарынан
босатылған адамдарды және ата-анасынан
кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған
немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған,
білім беру ұйымдарының түлектері болып
табылатын жастар қатарындағы азаматтарды,
жұмысқа орналастыру үшін 2023 жылға арналған
жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы"
№ 18 қаулысына № 2 қосымша

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін Түркістан қаласы ұйымдарының тізімі

Ұйым атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны)

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1

"KAZSTROY A & G COMPANY" ЖШС-нің Түркістан қаласындағы филиалы

147

1

1

2

"Түркістан-су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

208

1

2

3

Түркістан қаласы әкімдігінің инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің "Жасыл Түркістан" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

255

1

2

4

"Түркістан жарық-тазалық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

330

1

3

Барлығы:

940


8

 
  Түркістан қаласының әкімдігінің 2023 жылғы
"27" қаңтардағы "Түркістан қаласының пробация
қызметінің есебінде тұрған адамдарды,
бас бостандығынан айыру орындарынан
босатылған адамдарды және ата-анасынан
кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған
немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған,
білім беру ұйымдарының түлектері болып
табылатын жастар қатарындағы азаматтарды,
жұмысқа орналастыру үшін 2023 жылға арналған
жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы"
№ 18 қаулысына № 3 қосымша

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін Түркістан қаласы ұйымдарының тізімі

Ұйым атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны)

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Түркістан қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Бауыржан Момышұлы атындағы №22 жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

154

1

2

2

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Түркістан қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "А.Байтұрсынов атындағы №1 жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

149

1

1

Барлығы:

303


3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады