Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Жаңа

Түркістан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 14 қарашадағы № 246 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес, Отырар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С. Сұлтанханов

  2023 жылғы 14 қарашадағы
№ 246 қаулысына қосымша

Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, О.Бәймішев көшесі, №14 үй, индекс:160700.

      10. Осы ереже Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесін қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.

      12. Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;

      Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де мақсаттарды жүзеге асыру.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      Бөлім мүдделерін мемлекеттік органдар мен ұйымдарда білдіру;

      өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттар мен өзге де материалдарды сұрату және алу;

      Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де құқықтар

      2) міндеттері:

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;

      Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс, аудан әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;

      мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сапалы және уақытылы көрсетуін қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттер.

      15. функциялары:

      1) жұмыс күшіне қатысты бөлігінде сұраныс пен ұсынысты талдайды, болжайды, өңірдің еңбек нарығының жай-күйі туралы аудан әкімдігіне және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға хабарлайды;

      2) жергілікті атқарушы органдарына халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары бойынша ұсыныстар енгізеді, өңірлік жұмыспен қамту картасын және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асырады, ұлттық жобалар, ауданның даму жоспарлары, өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде жұмыс орындарының құрылуын мониторингтеуді жүзеге асырады, кәсіпкерлік бастаманы дамыту арқылы ауданның жұмыс орындарын құруды қолдайды;

      3) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету мақсатында еңбек мобильділігі орталықтарымен өзара іс-қимыл жасайды;

      4) жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аударуы үшін елді мекендерді айқындау бойынша ұсыныстарды жергілікті атқарушы органдарға енгізеді;

      5) мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс беруші ұсынған қолданыстағы жұмыс орындарының саны туралы, квотадан тыс жұмыс берушілер мен мүгедектігі бар адамдар арасында жасалған қолданыстағы еңбек шарттарының саны туралы мәліметтерді талдайды;

      6) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыскерлердің штаттық саны және бар бос жұмыс орындарының саны туралы жұмыс берушілердің мәліметтері негізінде қалыптастырылған ұйымдардағы жұмыскерлердің тізімдік санын, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс беруші ұсынған қолданыстағы жұмыс орындарының саны, квотадан тыс жұмыс берушілер мен пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар арасында жасалған қолданыстағы еңбек шарттарының саны туралы мәліметтерді талдайды;

      7) ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі еңбек нарығында ағымдағы жылғы түлектер санынан жұмыс күшіне ағымдағы сұраныс пен ұсынысты, ағымдағы жылғы түлектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс беруші ұсынған қолданыстағы жұмыс орындарының саны туралы, ағымдағы жылғы түлектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс беруші ұсынған қолданыстағы жұмыс орындарының саны туралы, квотадан тыс жұмыс берушілер мен ағымдағы жылғы түлектер арасында жасалған қолданыстағы еңбек шарттарының саны туралы мәліметтерді талдайды;

      8) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыскерлердің штаттық саны және бар бос жұмыс орындарының саны туралы жұмыс берушілердің мәліметтері негізінде қалыптастырылған ұйымдардағы жұмыскерлердің тізімдік санын, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс беруші ұсынған қолданыстағы жұмыс орындарының саны, квотадан тыс жұмыс берушілер мен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар арасында жасалған қолданыстағы еңбек шарттарының саны туралы мәліметтерді талдайды;

      9) жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдеседі;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмек көрсетуді үйлестіреді;

      11) мекемелерден босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған, өмірлік қиын жағдайда деп танылған адамдарға Қазақстан Республикасының "Әлеуметтік кодексіне" сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қамтамасыз етеді;

      12) мекемелерден босатылған, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу жөніндегі шараларды қамтамасыз етеді;

      13) жұмыс орындарының босау және қысқару тәуекелдері бар ұйымдарды мониторингтеуді жүзеге асырады;

      14) Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіппен еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар береді, ұзартады және кері қайтарып алуды қамтамасыз етеді;

      15) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      16) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін, өз қарамағындағы субъектілерді құруды және олардың қызметін қамтамасыз етеді;

      17) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді кадрмен қамтамасыз етуді, әлеуметтік қызметкерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;

      18) халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізуді ұйымдастырады;

      19) арнаулы әлеуметтік қызметтерді және арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастырады;

      20) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін дамыту жөнінде шараларды қабылдайды;

      21) мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтiк және қайырымдылық көмек көрсетудi ұйымдастырады;

      22) жеке және заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;

      23) Қазақстан Республикасының Үкiметі бекiтетін үлгілік қағидалар негізінде әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын әзірлейді;

      24) бюджет қаражаты есебінен атаулы әлеуметтік көмек көрсетеді;

      25) бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй көмегін көрсетеді;

      26) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      27) құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсетеді;

      28) әлеуметтік шиеленіске және еңбек жанжалдарының туындау тәуекелдеріне мониторингті жүзеге асырады;

      29) әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың профилактикасына, сондай-ақ аудан аумағында олардың зардаптарын барынша азайтуға және (немесе) жоюға қатысады;

      30) мемлекеттiң кәмелетке толғандарға қатысты қорғаншы және қамқоршы тағайындау жөніндегі функцияларын жүзеге асырады;

      31) халыққа әлеуметтік қызмет көрсету "Тең қоғам" мекемесінің, "Белсенді ұзақ өмір" әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының жұмысын үйлестіреді.

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарларын бекітеді;

      2) мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;

      3) сенімхаттар береді;

      4) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;

      5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;

      6) мемлекеттік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;

      7) мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      8) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады;

      10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына дербес жауапты болады.

      Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемеcінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемеcінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемеcінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемеcі бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемеcінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемеcін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады