Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 19 және 69 баптарына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабына сәйкес, Құтарыс ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Сайрам ауданы, Құтарыс ауылдық округі, Құтарыс ауылы, Т.Әубәкіров көшесінің бойында орналасқан алаңы 0,0048 га және Төле би көшесінің бойында орналасқан алаңы 0,0060 га жер учаскелеріне талшықты оптикалық байланыс желілерін жүргізу үшін "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының филиалы – жобаларды басқару дирекциясына 3 (жыл) мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Құтарыс ауылдық округінің әкімі | М.Керимбеков |