Заңды тұлғаның атауын өзгерту және Ережесін бекіту туралы

Жаңа

Түркістан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 315 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 20) тармақшасына және "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 қаулысына сәйкес, Түлкібас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Түлкібас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атауы "Түлкібас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып өзгертілсін.

      2. "Түлкібас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      3. "Түлкібас ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 10 маусымдағы "Түлкібас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" №152 қаулысы жойылсын.

      4. "Түлкібас ауданы әкімінің аппараты" КММ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Түлкібас ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н.Изтилеуов

  Түлкібас ауданы әкімдігінің
2023 жылғы 22 қарашадағы
№ 315 қаулысымен бекітілген

"Түлкібас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Түлкібас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында жергілікті мемлкеттік басқарудың және өзін-өзі басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға әкімдік уәкілеттік берген, тиісті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк атқарушы органы болып табылады.

      2. "Түлкібас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары:

      1) "Тұраркент-су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

      3. "Түлкібас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4."Түлкібас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5."Түлкібас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6."Түлкібас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7.Бөлім өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Түлкібас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8."Түлкібас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9.Заңды тұлғалардың орналасқан жерi, индекс 161300, Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Т. Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі, № 201.

      10.Осы Ереже "Түлкібас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      11."Түлкібас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметiн каржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12."Түлкібас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Түлкібас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өкілеттіктері болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Бөлімнің заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Мемлекеттiк органның мақсаттары мен өкілеттіліктері

      13. Мақсаттары:

      "Түлкібас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы жергілікті мемлкеттік басқарудың және өзін-өзі басқарудың жекелеген функцияларын асыруға әкімдік уәкілеттік берген, тиісті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк атқарушы органы болып табылады.

      14. Өкілеттіктері:

      1) Құқықтары:

      аудандағы тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарды дамуының басым бағыттарын белгілеу, жоспарлау және оның болашақтағы дамуына болжам жасау;

      ауданда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарын дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру және орындалуын талдау;

      тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында мемлекеттік саясаттың мақсаттарын айқындауға қатысады;

      өз атынан келісім, келісім-шарттарға қол қойып, байланыстар орнатады, сенім хаттар береді, мүліктік емес құқықтарды сатып алады, сотта талапкер және жауапкер болады, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаларға сәйкес бөлімге жүктелген басқа да іс-әрекеттерді жүзеге асырады;

      өзіне жүктелген міндеттерді орындау барысында тиісті мемлекеттік басқару органдары мен шаруашылық субъектілерден қажетті ақпараттарды алады;

      анықталған тәртіп бұзушылықтарды жою, келтірілген зияндардың орнын толтыру жөнінде заңдарда белгіленген шараларды қабылдауға;

      2)Мiндеттерi:

      Бөлім өз қызметін жүзеге асыруда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін, облыс, аудан әкімдігінің қаулыларын, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін және осы Ережені басшылыққа алады;

      мемлекеттік кәсіпорынның даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерін қарайды, бекітеді және осы заңда көзделген жағдайларда келіседі;

      ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне қатысты мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысады;

      тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;

      ауданда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары дамыған инфрақұрылымын қалыптастыруда қажетті құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, қаржылық және ұйымдастыру жағдайларын жасайды;

      ауданда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарын дамытудың тұжырымдамасын дайындап жасайды;

      ауданда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарын дамыту жөніндегі әкімдіктің қаулылары мен аудан әкімінің шешімдерін жүзеге асырады;

      тұрғын үй инспекциясының міндетін жүзеге асырады:

      елді мекендердің шекаралары шегіндегі әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде

      тұрғын үй қорын басқаруды, газ және газбен жабдықтау саласында мемлекеттік бақылау;

      өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалау болып табылады;

      Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидаларына сәйкес бұзушылықтарды жою бойынша орындалуы міндетті нұсқамалар (ұсынымдар) шығарады.

      15. Функциялары:

      - Аудан көлемінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарын дамытуға байланысты жұмыстарды үйлестіру және ұйымдастыру;

      - Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан әкімінің шешімдері, әкімдік қаулыларының жобаларын дайындауға қатысады;

      - Ауыз су, кәріз, табиғи газ, электр қуаты жылу және абаттандыру, көркейтудің құрылыс және жөндеу жұмыстарын ұйымдастырады;

      -Тұрғын үй инспекциясының негізгі функциясы: елді мекендердің шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттiк бақылау, сондай-ақ елді мекендердің шекаралары шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қадағалау субъектілеріне қатысты қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік қадағалау жүзеге асырады;

      -көппәтерлі тұрғын үйдің ортақ мүлкін мемлекеттік техникалық зерттеп-қарауды ұйымдастырады.

      -кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізудің тізбесін, кезеңдерін және кезектілігін айқындайды.

      -кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге арналған шығыстар сметасын келісуді жүзеге асырады.

      -кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысады.

      -"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 108 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10528 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидаларына сәйкес бұзушылықтарды жою бойынша орындалуы міндетті нұсқамалар (ұсынымдар) шығарады.

      -мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйлерді мақсатты пайдалануын тексеруді жүзеге асырады.

      -заңнамамен және аудан әкімдігінің қаулыларымен жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.

      Мақсаттар мен өкілеттіктерді іске асыру мемлекеттік органдар үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттер шегінде жүзеге асырылады.

3. Мемлекеттiк органның мүлкi

      16."Түлкібас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.

      "Түлкібас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған аудан әкімдігі берген мүлiк есебiнен қалыптастырылады.

      17."Түлкібас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

      18. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Түлкібас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

4. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

      19."Түлкібас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

5. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру

      20."Түлкібас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшылықты "Түлкібас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.

      21."Түлкібас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бiрiншi басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      22."Түлкібас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі бiрiншi басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болуы мүмкін.

      23."Түлкібас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі бiрiншi басшысының өкiлеттiгi:

      Бөлімді, мемлекеттік қызмет туралы заңына сәйкес аудан әкімі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бөлім басшысы басқарады;

      бөлім басшысы бөлім атынан іс-әрекет жасайды, барлық өндіріс салаларында, мекемелер мен ұжымдарда өкілдік етеді, келісім шарттарға қол қояды, сенім хаттар береді, банктерде есеп шоттар ашады, қызмет бабындағы нұсқауларды бекітеді;

      бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы үшін жауапкершілікті бөлімнің басшысы атқарады;

      басшы заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады, бөлімнің бұйрықтарына қол қояды, заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

      белгілі бір жұмыс орындау мақсатында басшысы заңды және жеке тұлғалармен келісім шарт жасауға құқылы;

      басшы, бөлім басшысының орынбасарын және бөлім қызметкерлерін заңға сәйкес жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

      бөлімнің қызметкерлерімен еңбек қарым-қатынастары Еңбек кодексіне және мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады;

      бөлім басшысы бөлімнің қаржы құжаттарына бірінші қол қою құқығына ие;

      "Түлкібас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бiрiншi басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      24.Бiрiншi басшы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.

6. Жұмыс режимі

      25. Бөлімнің жұмыс режимі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және басқа да заңнамаларына сәйкес реттеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады