Түлкібас ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Түркістан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 2023 жылғы 24 шілдедегі № 5/2-08 шешімі

      Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Түлкібас аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Түлкібас ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың төрағасы Х.Байысбаев

  Түлкібас аудандық мәслихатының
2023 жылғы 24 шілдедегі № 5/2-08
шешіміне қосымша

Түлкібас ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

Атауы

Есептік бірлік

Теңге (қосылған құн салығынсыз)

Жайлы үйлер

1 тұрғыннан айына

155

Жайлы емес үйлер

1 тұрғыннан айына

209

Бірлік (көлеміне) жылдық тариф

1 м3

1311


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады