"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Т.Рысқұлов ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және Түркістан облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 3 тамыздағы қорытындысы негізінде, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Майлыкент ауылдық округі, Т.Рысқұлов ауылындағы "1 микрорайон" көшесінің атауы "Шамшырақ" деп өзгертілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Майлыкент ауылдық округінің әкімі | Қ.Ахметов |