Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 49, 50-баптарына, "Қазақстан Республикасыдағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18, 130-баптарына сәйкес, "Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексі" Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі Кодексін іске асыру мақсатында Сауран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сауран ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2023 жылдың 1 шілдесінде таратылсын.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес тарату комиссиясы құрылсын.
3. Тарату комиссиясы Сауран ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарату жөніндегі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес, осы қаулыны орындау бойынша барлық қажетті іс-қимылдарды жүзеге асырсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Жангазиевке жүктелсін.
Ғ.Үсенбаев |
Сауран ауданы әкімдігінің 2023 жылғы "02" маусымдағы № 163 қаулысына қосымша |
"Сауран ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін тарату туралы бойынша комиссия құрамы:
Е.Жангазиев | Сауран ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы; |
| |
А.Мұсырманқұлов | Сауран ауданы әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары; |
Ж.Инкарбеков | Сауран ауданы әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығының бас есепшісі; |
М.Бегалы | Сауран ауданы әкімі аппаратының заң бөлімінің басшысы; |
И.Мырзахметов | Сауран ауданы экономика және қаржы бөлімінің басшысы; |
Н.Әшіров | Сауран ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы |
Д.Асылбек | Сауран ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы |