"Шығыс Қазақстан облысының цифрландыру және архивтер басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 18 қыркүйектегі № 333 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 12 мамырдағы № 97 қаулысы

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 164- бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Шығыс Қазақстан облысының цифрландыру және архивтер басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 18 қыркүйектегі № 333 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға 1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Шығыс Қазақстан облысының цифрландыру және архивтер басқармасы:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі оның электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде жариялау үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасарына жүктелсін.

      Шығыс Қазақстан облысы
әкімінің міндетін атқарушы
А. Сматлаев

  Шығыс
Қазақстан облысы әкімдігінің
2023 жылғы "12" мамырдағы
№ 97 қаулысына қосымша
  Шығыс
Қазақстан облысы әкімдігінің
2020 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 333 қаулысына 1 қосымша

"Шығыс Қазақстан облысының цифрландыру және архивтер басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Шығыс Қазақстан облысының цифрландыру және архивтер басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Шығыс Қазақстан облысында цифрлық технологияларды дамыту, ақпараттандыру, "электрондық үкімет", байланыс, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, архив ісі және құжаттандыру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Басқарманың жұмыс режимі, сондай-ақ Басқарманың әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастар Еңбек кодексіне және Қазақстан Республикасындағы еңбек қатынастарын реттейтін өзге де актілерге сәйкес жүзеге асырылады.

      8. Басқарманың құрылтайшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі болып табылады.

      9. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      10. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 070019, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1.

      11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      12. Басқарманың қызметін қаржыландыру облыс бюджетінен жүзеге асырылады.

      13. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға жасауға тыйым салынады.

      Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      14. Басқарманың мақсаттары:

      1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бірыңғай талаптардың, сондай-ақ ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;

      2) Қазақстан Республикасы ұлттық архив қорының құжаттарын сақтауды, жинақтауды, есепке алуды және пайдалануды қамтамасыз ету;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.

      15. Өкілеттіктері:

      Басқарма құқықтары:

      1) Басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша облыс әкімі шешімдерінің, өкімдерінің, облыс әкімдігі қаулыларының жобаларын дайындауға қатысуға;

      2) заңнамада белгіленген тәртіппен өзге де мемлекеттік органдардан, аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдарынан, өзге де ұйымдардан және олардың басшыларынан, лауазымды адамдар мен азаматтардан өз функцияларын орындау үшін қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;

      3) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізуге;

      4) облыстың атқарушы органдарының құрылымын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;

      5) Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша облыстың атқарушы органдарының, аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдарының жұмысына талдау жүргізуге;

      6) облыс әкімдігіне мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызметтердің, экономиканың негізгі салаларын цифрландыру, ақпараттандыру, архив ісі және құжат жасау процестерін автоматтандыру жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;

      7) облыс аумағында Ұлттық архив қорының құрамына жатқызылған және жеке архивтерде сақталатын құжаттардың сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;

      8) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысуға;

      9) Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың филиалдар мен өкілдіктер құруына келісім беруге;

      10) қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

      Басқарма:

      1) заңды және негізделген шешімдер қабылдауға;

      2) қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдауға және қарауға, олардың орындалуын бақылауға;

      4) жеке және заңды тұлғаларды және олардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;

      5) мемлекеттік органның қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіретін әрекеттерге (әрекетсіздікке) және актілер қабылдауға жол бермеуге;

      6) жұмыс барысында алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге, мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпия туралы заңнаманың талаптарын сақтауға;

      7) жергілікті атқарушы органдарды бұлтты құжат айналымы лицензияларымен және қашықтықтағы жұмыс орындарымен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүргізуге;

      8) цифрландыру саласындағы мемлекеттік бағдарламаларда және өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделген бағыттар мен жобалар бойынша цифрландыру жобаларын іске асыруға;

      9) Шығыс Қазақстан облысы деңгейінде іске асырылатын цифрландыру саласындағы жобаларды танымал ету жөніндегі іс-шараларды жүргізуге;

      10) облыстың ауылдық елді мекендерін Интернет байланыс арналарымен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге;

      11) "Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс" ұлттық жобасын үйлестіру және іске асыруға;

      12) қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де өкілеттіктерді іске асыруға міндетті.

      16. Басқарманың функциялары:

      1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, "электрондық үкімет" архитектурасын дамыту жөніндегі талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;

      2) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту;

      3) жергілікті атқарушы органдардың электрондық ақпараттық ресурстарын толтыруды жүзеге асыру, олардың дұрыстығы мен өзектілігін қамтамасыз ету;

      4) "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталында "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді және "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін есепке алуды және өзектендіруді жүзеге асыру;

      5) мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерін құру және дамытудың жоспарлары мен нәтижелері туралы жалпыға қолжетімді ақпаратты өздерінің интернет-ресурстарында орналастыру;

      6) "электрондық үкіметтің" операторға "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде), лицензиялық бағдарламалық қамтылымының баптау кешенін есепке алу және сақтау үшін беруді қамтамасыз ету;

      7) техникалық құжаттаманың түпнұсқаларын қағаз жеткізгіштерде сақтауды қамтамасыз ету және оларды "электрондық үкіметтің" сервистік интеграторына оның сұрау салуы бойынша ұсыну;

      8) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде стандартты шешімдерді пайдалануды жүзеге асыру;

      9) цифрлық сауаттылықты арттыру үшін жағдай жасау;

      10) ашық деректерді қазақ және орыс тілдерінде ашық деректердің интернет-порталында орналастыру;

      11) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында интернет-ресурстарды орналастыру, сондай-ақ олардың дұрыстығы мен өзектендірілуін қамтамасыз ету;

      12) ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді сатып алу;

      13) операторға "электрондық үкімет" веб-порталын ақпараттық толықтырып отыру үшін қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды ұсыну;

      14) өз құзыреті шегінде ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жататын объектілерді айқындау;

      15) деректерді басқару жөніндегі уәкілетті орган бекіткен деректерді басқару жөніндегі талаптарға сәйкес деректерді талдауды жүзеге асыру үшін операторға электрондық ақпараттық ресурстарға қолжетімділік ұсыну;

      16) деректерді басқару жөніндегі уәкілетті орган бекіткен деректерді басқару жөніндегі талаптарға сәйкес деректерді "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасына беру;

      17) үкіметтік және президенттік байланыс бөлімшелерінің желілерін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте қызметін жүзеге асыратын уәкілетті органмен және уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен және Қазақстан Республикасының әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер уәкілетті мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелерімен байланыс құрылыстарының, байланыс желілерінің және инженерлік инфрақұрылымның басқа да объектілерінің құрылыс жоспарларын әзірлеу және бекіту;

      18) байланыс операторларымен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен байланыс операторларына тиісті шығыстарды өтей отырып, абоненттерге тегін қосылулар беру үшін әлеуметтік маңызы бар объектілердің тізбесін айқындау;

      19) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пошта операторларының өндірістік объектілері үшін тұрғын емес үй-жайлар бөлу, сондай-ақ пошта операторларына олардың аумағында өндірістік объектілерді орналастыруға жәрдемдесу;

      20) ұялы немесе спутниктік байланыс операторының өтініші бойынша уәкілетті органмен келісім бойынша ұялы немесе спутниктік байланыс операторларының антенна-діңгекті құрылыстарды және (немесе) ұялы немесе спутниктік байланыс жабдығына арналған тіректерді салуы үшін электр жабдықтауы жүргізілген орындар ұсыну;

      21) Цифрландыру кеңселерін қалыптастыру;

      22) азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою жолымен олардың жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылын ұйымдастыру үшін Байланыс орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

      23) Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен "ақылды" қалалардың бағыттары бойынша жоспарлар мен жол карталарын әзірлеу және келісу;

      24) "ақылды" қалаларды құру бөлігінде НҚА, стандарттар мен халықаралық тәжірибені, сондай-ақ "ақылды" қаланың құрылысы мен дамыуы негізделетін жаңа технологияларды зерттеу;

      25) Мониторинг және жобалық басқару жүйесіне іс-шаралар жоспарлары мен жол карталарын енгізу;

      26) қалалық және өңірлік деңгейлерде "ақылды" қалалар бағыттары бойынша іс-шаралар жоспарлары мен жол карталарын орындау;

      27) іс-шаралар жоспарлары мен жол карталарына сәйкес "ақылды" қалалардың бастамаларын іске асыру;

      28) "ақылды" қалалардың бағыттары бойынша енгізілетін жүйелерге қойылатын ең төменгі функционалдық және техникалық талаптарды сақтау;

      29) "ақылды" қалаларды іске асыру шеңберінде әзірленетін компоненттер мен жүйелердің техникалық құжаттамасын әзірлеу және бекіту;

      30) қалалар мен өңірлердегі "ақылды" қалалар жүйелерін пайдалану тиімділігінің критерийлері мен көрсеткіштерінің орындалуын бақылау;

      31) Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне көрсеткіштерге қол жеткізу және алынған әсерлер туралы ақпаратты қамтитын іс-шаралар жоспарлары мен жол карталарының орындалуы туралы ай сайынғы есептерді ұсыну;

      32) "ақылды" қалалардың бастамаларын іске асыру шеңберінде енгізілген/пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді дамытуды қамтамасыз ету;

      33) "ақылды" қаланың жетілуіне ішкі бағалау және "ақылды" қаланың жобаларына бағалау жүргізу;

      34) Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп тиісті салаларды қалалық шаруашылықты ақпараттандырумен қамтамасыз ету ("ақылды" қалалар салу);

      35) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінің "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталында ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есептеулерін орналастыруын қамтамасыз ету және мониторингілеу;

      36) "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталына ақпараттандыруға бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру және енгізу;

      37) жергілікті атқарушы органдардың цифрландыру кеңсесі үшін оқыту семинарларын, курстарын өткізуді ұйымдастыру;

      38) "Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлығын іске асыру;

      39) облыстың аумағында архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;

      40) облыстың мемлекеттік архивтерінің сақтауға қабылданған Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтауды, толықтыруды және пайдалануды ұйымдастыру;

      41) облыстың мемлекеттік архивтерінде сақталатын Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттік есепке алуды жүргізу және сақталуын қамтамасыз ету;

      42) коммуналдық меншіктегі тарих және мәдениет деректі ескерткіштерін қорғау, оларды сақтау және пайдалану;

      43) құжаттардың ғылыми және практикалық құндылығына сараптама жүргізуді ұйымдастыру;

      44) облыстың мемлекеттік архивтерінде сақталатын Ұлттық архив қорының құжаттары бойынша деректер базасын қалыптастыру;

      45) облыстың аумағында архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету мәселелеріне ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылық жасау;

      46) облыс аумағындағы Ұлттық архив қоры және архивтер туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау;

      47) жеке және заңды тұлғалардың сұрау салуларының орындалуын ұйымдастыру;

      48) сараптау-тексеру комиссиясы туралы ережені бекіту;

      49) мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың сұрау салуларын қанағаттандыру үшін Ұлттық архив қорының құжаттарын пайдалану;

      50) облыстың тарихы бойынша архивтік құжаттарды жинау және қайтару;

      51) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асыру.

3. Басқарма басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      17. Басқармаға басшы басшылық етеді, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

      18. Басқарма басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.

      19. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын орынбасары болады.

      20. Басқарма басшысының өкілеттіктері:

      1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманың мүдделерін білдіреді;

      2) заңнамаға сәйкес Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) Басқарма басшысы орынбасарының, бөлім басшыларының және өзге де қызметкерлердің міндеттері мен өкілеттік шеңберін айқындайды;

      4) стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуді қамтамасыз етеді;

      5) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және көтермелеу шараларын қабылдайды, өзінің құзыретіне жатқызылған еңбек қатынастары мәселелерін шешеді;

      6) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік және қаржылық құжаттамаға қол қояды;

      7) бөлімдердің ережелерін бекітеді;

      8) шарттар жасасады;

      9) сенімхаттарды береді;

      10) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманың мүдделерін сенімхатсыз білдіреді;

      11) ерлер мен әйелдердің тәжірибесіне, қабілеттеріне және кәсіби даярлығына сәйкес олардың мемлекеттік қызметке тең қол жеткізуін қамтамасыз етеді;

      12) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапты болады;

      13) Басқарманың жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;

      14) облыс әкімі мен әкімдігінің тапсырмалары мен актілерін орындайды;

      15) құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;

      16) қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;

      17) жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесін бекітеді;

      18) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      21. Басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      23. Басқармаға бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.

      24. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Басқарманың өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      1. Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының "Мемлекеттік архив" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      2. Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының "Глубокое ауданының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      3. Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының "Самар ауданының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      4. Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының "Катонқарағай ауданының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      5. Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының "Күршім ауданының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      6. Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының "Тарбағатай ауданының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      7. Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының "Ұлан ауданының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      8. Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының "Шемонаиха ауданының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      9. Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының "Ақпараттық технологиялар орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады