Учаскелік комиссиялар туралы ережені бекіту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 7 тамыздағы № 173 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 124-бабы 3-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 19 шілдедегі № 4/42-VIII "Учаскелік комиссиялар туралы ережені келісу туралы" шешімін ескере отырып, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу жөніндегі учаскелік комиссиялар туралы ереже бекітілсін.

      2. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 117 "Учаскелік комиссиялар туралы ережені, сонымен қатар өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау өлшемшарттарын бекіту туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3336 болып тіркелген) және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 19 наурыздағы № 91 "Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 117 "Учаскелік комиссиялар туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6820 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде жариялау үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы қаулыны Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Шығыс Қазақстан облысының әкімі Е. Көшербаев

  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2023 жылғы
"7" тамыздағы № 173
қаулысына қосымша

Учаскелік комиссиялар туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Осы учаскелік комиссиялар туралы Ереже Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 124-бабы 3-тармағының екінші бөлігіне және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес әзірленді. Әлеуметтік көмек көрсетудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің "Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережені, сондай-ақ өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру нәтижелері бойынша Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау өлшемшарттарын бекіту туралы" бұйрығымен және учаскелік комиссиялардың мәртебесі мен өкілеттіктерін айқындайды.

      2. Осы Ережеде пайдаланылған негізгі ұғымдар:

      мансап орталығы- еңбек ұтқырлығы орталығының аудандарда, облыстық және Республикалық маңызы бар қалаларда, астанада өз функцияларын орындауды жүзеге асыратын филиалы;

      мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі уәкілетті орган – атаулы әлеуметтік көмек тағайындауды жүзеге асыратын Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы;

      учаскелік комиссия (бұдан әрі – Комиссия)-атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнайы комиссия.

      Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуді Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексінің 11-бабының 17) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес жүзеге асырады. Комиссия әлеуметтік көмекке жүгінген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізеді.

      3. Комиссиялар тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағында тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады. Комиссиялар өз жұмысын ашықтық, жариялылық, алқалылық және бейтараптық қағидаттарында ұйымдастырады.

      4. Комиссиялар өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, осы Ережені, сондай-ақ өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру нәтижелері бойынша Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждықты айқындау өлшемшарттарын басшылыққа алады.

2. Комиссияның міндеттері мен функциялары

      5. Комиссияның негізгі міндеті мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі уәкілетті органға, ал ауылдық жерде - кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне халыққа мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – атаулы әлеуметтік көмек) немесе "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3) тармағына сәйкес жергілікті өкілді органдар бекітетін, әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттары (бұдан әрі –Қағидалар) сәйкес көрсетілетін әлеуметтік көмек көрсету олардың атаулылығын арттыру жөніндегі жәрдемдесу болып табылады.

      6. Комиссияның негізгі функцияларына мыналар жатады:

      1) қағидаларға сәйкес ұсынылатын атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға немесе әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш білдірген адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу (бұдан әрі – тексеру);

      2) атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш білдірген адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін қажетті жетіспейтін мәліметтерді алу үшін тиісті органдарға сұрау салу жіберу;

      3) атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға немесе қағидаларға сәйкес көрсетілетін әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш білдірген адамның (бұдан әрі - өтініш беруші) материалдық жағдайын тексеру актісін жасау;

      4) ұсынылған құжаттардың және (немесе) тексеру нәтижелерінің негізінде уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру нәтижелері бойынша Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау өлшемшарттарын ескере отырып, Қағидаларға сәйкес ұсынылатын атаулы әлеуметтік көмекті немесе әлеуметтік көмекті ұсыну қажеттілігі туралы немесе оны ұсыну қажеттілігінің жоқтығы туралы қорытынды дайындау.

3. Комиссия қызметін ұйымдастыру

      7. Комиссия туралы ереже Үлгілік ереже негізінде әзірленеді, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты сессиясының шешімімен келісіледі және Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігі бекітеді.

      8. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі уәкілетті орган, ал ауылдық жерде – кент, ауыл, ауылдық округ әкімі Комиссияның қалыпты қызметіне жағдай жасайды (отырыс уақытында жеке бөлме береді, Нормативтік құқықтық актілермен, техникалық құралдармен қамтамасыз етеді).

      9. Комиссия құрамы жергілікті мемлекеттік басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, мүлік иелері бірлестіктерінің, көппәтерлі тұрғын үйлердің қарапайым серіктестіктерінің (жай серіктестіктер), халықтың, білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары мен уәкілетті органдарының өкілдерінен, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен тұрады.

      Комиссия төрағадан, хатшыдан және Комиссия мүшелерінен тұрады. Комиссияның жалпы құрамы кемінде бес адамды құрайды.

      10. Төраға комиссияның жұмысын ұйымдастырады және Комиссияға осы Үлгілік Ережемен жүктелген міндеттер мен функциялардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.

      11. Өтініш берушіні отырыс өткізілетін күні туралы хабардар етуді, комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындауды және комиссия отырысы өткізілгеннен кейін оның хаттамасын ресімдеуді Комиссия хатшысы жүзеге асырады.

      12. Өтініш беруші қалауы бойынша комиссия отырысына қатысады.

      13. Комиссия:

      Мансап орталығынан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар және (немесе) атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш білдірген өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру нәтижелері негізінде қорытынды дайындайды және оны мансап орталығына немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне береді;

      құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш білдірген адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акт жасайды, қағидаларға сәйкес адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы немесе мұқтаждығының болмауы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ; әкімдіктеріне жібереді;

      14. Комиссияның шешімдері оның құрамының жалпы санының үштен екісі болған кезде заңды болады.

      15. Комиссияның шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер Комиссия мүшелерінің жалпы санының басым көпшілік дауысы берілсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып саналады.

      16. Комиссияның қабылданған шешімі қорытынды түрінде ресімделеді өтініш беруші онымен танысатып, қол қояды.

      17. өтініш беруші Комиссияның қорытындысына келіспеген жағдайда уәкілетті органда, сондай-ақ сот тәртібімен шағымдануына болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады