Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантин режимін енгізе отырып,карантин аймағын белгілеу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 28 қыркүйектегі № 212 қаулысы

      "Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының 2023 жылғы 18 тамыздағы № 03/462 ұсынымы негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес сібір жібек көбелегімен (Dendrolіmus sіbіrіcus Chetverіkov) зақымданған алқаптар көлемінде Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағы белгіленсін.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысының әкімі Е. Көшербаев

  Шығыс
Қазақстан облысы әкімдігінің
2023 жылғы "28" қыркүйектегі
№ 212 қаулысына қосымша

Шығыс Қазақстан облысы аумағында сібір жібек көбелегімен (Dendrolіmus sіbіrіcus Chetverіkov) зақымданған алқаптар көлемінде карантин режимі енгізілген карантин аймағы

    №

Ауылдық округтердің және елді мекендердің атауы

Жер учаскесінің тиесілігі

Зақымданған алаң, гектар

Катонқарағай ауданы

1

Алтынбел ауылдық округі

"Үлкен Нарын орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

3

Құрғақ Майемер учаскесі, өзге мақсаттағы жерлер

4

Аудан бойынша барлығы

7


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады