Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Глубокое кентінің құрамдас бөліктерін қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Глубокое кентінің әкімінің 2023 жылғы 11 қыркүйектегі № 1 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2021 жылғы 11 маусымдағы қорытындысы негізінде, Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Глубокое кенті тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Глубокое кентінің келесі құрамдас бөліктері қайта аталсын:

      Краснооктябрьская көшесі Қабанбай батыр көшесіне;

      Красноармейская көшесі Құрманғазы көшесіне;

      Нагорная көшесі Райымбек батыр көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Глубокое кенті әкімі Асанов Р. А.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады