"Зайсан аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Зайсан аудандық мәслихатының 2022 жылғы 12 желтоқсандағы №26-2/4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 28-3/1 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына сәйкес, Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Зайсан аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Зайсан аудандық мәслихатының 2022 жылғы 12 желтоқсандағы №26-2/4 шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      аталған шешімнің кіріспе бөлімі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 33 бабының 5 тармағына және "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы №13 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №16299 болып тіркелген) сәйкес, Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

      Аудандық мәслихатының төрағасы С. Марқабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады