Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-10- тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы №787 "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Күршім аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2023 жылға туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері болу - құнының 1 (бір) пайызы бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Күршім аудандық мәслихатының төрағасы | К. Бахтияров |