Марқакөл ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2023-2024 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 14/14-VIII шешімі

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы "Жайылымдар туралы" Заңының 8, 13 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Күршім ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Марқакөл ауылдық округі бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Күршім аудандық мәслихатының төрағасы К. Бахтияров

  Күршім аудандық мәслихатының
2023 жылғы 26 желтоқсандағы
№14/14-VІII шешіміне
қосымша

Марқакөл ауылдық округінің 2023 - 2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы "Жайылымдар туралы" Заңына сәйкес Марқакөл ауылдық округі бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар (бұдан әрі-жоспар), "Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары –Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15090 болып тіркелген), "Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті жол берілетін нормасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11064 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.

      Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, азыққа қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болғызбау мақсатында қабылданады.

      Жоспар құрамында:

      1) құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Марқакөл ауылдық округі аумағында жайылымдардың орналасу схемасын (картасын) (1-қосымша);

      2) жайылым айналымдарының қолайлы схемаларын (2-қосымша);

      3) жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасын (3-қосымша);

      4) жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасын (4-қосымша);

      5) жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасын (5-қосымша);

      6) Марқакөл ауылдық округі аумағында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасын (6-қосымша);

      7) ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигін (7-қосымша).

      Жоспар жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қараудың жай-күйі туралы мәліметтер, ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәліметтер, иелерін – жайылым пайдаланушыларды, жеке және (немесе) заңды тұлғаларды көрсете отырып, ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер, ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректер, шалғайдағы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын қалыптастыру туралы мәліметтер, екпе және аридтік жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшеліктері, малды айдап өтуге арналған сервитуттар туралы мәліметтер, мемлекеттік органдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар берген өзге де деректер ескеріле отырып қабылданды.

      Күршім ауданы Марқакөл ауылдық округінің табиғи аймағы - таулы, жайылымдардың басым түрі: әр түрлі шөптесінді шалғынды.

      Ауылдық округтің жалпы жерқоры 227559 гектар (бұдан әрі - га).

      Соның ішінде жайылымдар - 176100 га.

      Санаттары бойынша жерлер келесідей бөлінеді:

      ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер - 183323 га;

      елдi мекендердiң жерлерi - 929 га;

      өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауылшаруашылығына арналмаған өзге де жерлер - 3153 га.

      Жайылымдарды негізгі пайдаланушылар Марқакөл ауылдық округіндегі Ақжайлау, Қайнарлы, Марқакөл, Былғары-Табыты, Қарой, Қарашілік ауылдарының тұрғындары болып табылады.

      Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, жем-шөпке қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болғызбау мақсатында қабылданды.

      2023 жылдың 1 қаңтарына Күршім ауданының Марқакөл ауылдық округінде (халықтың жеке ауласы және ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, шаруа қожалықтары) ірі қара мал - 7250 бас, ұсақ мал - 10995 бас, жылқы - 4967 бас тіркелген.

      Ақжайлау ауылында

      ірі қара мал - 536 бас, ұсақ мал - 1088 бас, жылқы - 195 бас.

      Ақжайлау ауылы жайылымдарының ауданы - 2082 гектар.

      Қайнарлы ауылында:

      ірі қара мал - 322 бас, ұсақ мал - 835 бас, жылқы - 100 бас.

      Қайнарлы ауылының жайылым алаңы - 3013 гектар.

      Марқакөл ауылында:

      ірі қара мал - 2804 бас, ұсақ мал - 4179 бас, жылқы - 1806 бас.

      Марқакөл ауылы жайылымдарының ауданы - 5131 гектар.

      Былғары-Табыты ауылында:

      ірі қара мал - 195 бас, ұсақ мал - 111 бас, жылқы - 23 бас.

      Былғары - Табыты ауылы жайылымдарының ауданы - 2277 гектар.

      Қарой ауылында:

      ірі қара мал - 444 бас, ұсақ мал - 941 бас, жылқы - 226 бас.

      Қарой ауылы жайылымдарының ауданы - 5517 гектар.

      Қарашілік ауылында:

      ірі қара мал - 459 бас, ұсақ мал - 764 бас, жылқы - 275 бас.

      Қарашілік ауылы жайылымдарының ауданы - 3523,5 гектар (№ 1 кесте).

      № 1 кесте

   №

Елді мекендердің атауы

Халық

Ауылдық округ

Барлығы

ІҚМ

ҰҚМ

Жылқылар

ІҚМ

ҰҚМ

Жылқылар

Барлығы

Оның ішінде сауын сиырлар

Барлығы

Оның ішінде сауын сиырлар

1

Ақжайлау

536

443

1088

195

Марқакөл

4760

4560

7918

2625

2

Қайнарлы,

322

322

835

100

3

Марқакөл

2804

2748

4179

1806

4

Былғары – Табыты

195

163

111

23

5

Қарой

444

444

941

226

6

Қарашілік

459

440

764

275

      Округте ауыл шаруашылық жануарлары мен құстарына ветеринарлық қызмет көрсету үшін 1-ветеринарлық пункт, 2-мал қорымы ұйымдастырылған.

      Ауыл шаруашылығы жануарларын қамтамасыз ету үшін Марқакөл ауылдық округі бойынша 176100 гектар жайылым жерлер бар.

      Жоғарыда баяндалғанның негізінде, Қазақстан Республикасының "Жайылымдар туралы" Заңының 15-бабына сәйкес, Марқакөл ауылдық округі жергілікті халықтың мұқтаждығы үшін ауыл шаруашылығы малдарының аналық (сауын) мал басын ұстау бойынша елді мекеннің артықшылығы 1031 гектар (№ 2 кесте).

      № 2 кесте

   №

Ауылдық округі

Жайылым алаңы, (га)

Оның ішінде сауын сиырлар (бас)

Жайылымға қажеттілік нормасы 1 бас, (га)

Жайылымдардың қажеттілігі, (га)

Артықшылығы, (га)

1

Марқакөл

21551

4560

4,5

20520

1031

      Марқакөл ауылдық округінің жергілікті тұрғындарына малын жаю үшін 21551 гектар берілді.

      Жергілікті халықтың басқа ауыл шаруашылығы жануарларын жаю бойынша жайылымдық алқаптарға қажеттілігі жоқ, ІҚМ басына жүктеме нормасы - 4,5 га / бас, ұсақ қара мал - 0,9 га/бас, жылқы - 5,4 га/бас (№ 3 кесте).

      № 3 кесте

    №

Ауылдық округі

Халық

Жайылымға қажеттілік нормасы 1 бас., (га)

Жайылымдардың қажеттілігі, (га)

Мал жаюүшінберілді, га

Жетіспеушілігі (га)

ІҚМ

ҰҚМ

Жылқылар

ІҚМ

ҰҚМ

Жылқылар

ІҚМ

ҰҚМ

Жылқылар

Барлығы (га)

1

Марқакөл

4760

7918

2625

4,5

0,9

5,4

21420

7126,2

14175

42721,2

21551

21170,2

      Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі (бұдан әрі - ЖШС), Марқакөл ауылдық округінің шаруа және фермер қожалықтарындағы мал басы: ірі қара мал - 2490 бас, ұсақ қара мал - 3037 бас, жылқы - 2342 басты құрайды.

      ЖШС, шаруа және фермер қожалықтарының жайылым ауданы 22952,2 га құрайды (№ 4 кесте).

      № 4 кесте

   №

Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың атауы (АЖӘ, ұйымның атауы)

Жалпы ауданы (га)

Ауылшаруашылығы жануарларының түрлері бойынша бар болуы

Жайылымға қажеттілік нормасы 1 бас., (га)

Жайылымдардың қажеттілігі, (га)

Барлығы

ІҚМ

ҰҚМ

Жылқы

ІҚМ

ҰҚМ

Жылқы

ІҚМ

ҰҚМ

Жылқы

I

ЖШС, шаруа және фермер қожалықтары

22952,2

2490

3037

2342

4,5

0,9

5,4

11205

2733,3

12646,8

26585,1

Жиыны








Жетіспеушілігі 3632,9

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:
      ІММ-ірі мүйіздімал;
      ҰММ- ұсақ мүйізді мал;
      ШҚ-шаруа қожалығы.

  Марқакөл ауылдық округі бойынша
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану жөніндегі
2023-2024 жылдарға арналған
жоспарына 1 қосымша

Марқакөл ауылдық округі аумағында құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде жайылымдардың орналасу схемасы (картасы)

     


  Марқакөл ауылдық округі бойынша
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану жөніндегі
2023-2024 жылдарға арналған
жоспарына 2 қосымша

Жайылымайн алымының қолайлы схемалары

Жылдар

Учаскелер

1

2

3

1

Мал жаю

Мал жаю

Демалыс

2

Мал жаю

Демалыс

Мал жаю

  Марқакөл ауылдық округі бойынша
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану жөніндегі
2023-2024 жылдарға арналған
жоспарына 3 қосымша

Жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы

     


  Марқакөл ауылдық округі бойынша
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану жөніндегі
2023-2024 жылдарға арналған
жоспарына 4 қосымша

Жайылым пайдаланушылардың су көздеріне қол жеткізу схемасы

     


  Марқакөл ауылдық округі бойынша
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану жөніндегі
2023-2024 жылдарға арналған
жоспарына 5 қосымша

Жайылымы жоқ жеке және заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы

     


  Марқакөл ауылдық округі бойынша
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану жөніндегі
2023-2024 жылдарға арналған
жоспарына 6 қосымша

Жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы

     


  Марқакөл ауылдық округі бойынша
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану жөніндегі
2023-2024 жылдарға арналған
жоспарына 7 қосымша

Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі

    №

Ауылдық округтің атауы

Жайылымға малдардын шығарылу мерзімі

Жайылымнан малдардың қайтарылу мерзімі

1

Марқакөл ауылдық округі

Маусымны 1 жартысы

Қыркүйектің 1 жартысы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады