БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2020 жылғы 9 қазандағы № 1-НҚ бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес бекітілген Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті туралы ережеде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Департаменттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 040000, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, І. Жансүгіров көшесі, 111 ғимарат.".
2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Бәсекелестікті құқықтық реттеу басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы |
М. Омаров |