БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Мемлекеттік кірістер органдарының монополияға қарсы органға салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмай, салық құпиясын құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді және кедендік реттеу саласындағы құпия ақпаратты, сондай-ақ ұсынылатын мәліметтер тізбесін ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2021 жылғы 2 маусымдағы № 133-НҚ және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 3 маусымдағы № 524 бірлескен бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кірістер органдарының монополияға қарсы органға салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмай, салық құпиясын құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді және кедендік реттеу саласындағы құпия ақпаратты, сондай-ақ ұсынылатын мәліметтер тізбесін ұсыну қағидаларында:
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Мемлекеттік кірістер органдары Мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы (МО БКО) арқылы тараптардың келісуі бойынша ай сайынғы негізде Мәліметтерді мына тәсілдердің бірімен беруді қамтамасыз етеді:
1) тікелей интеграция;
2) мәліметтерді монополияға қарсы органның FTP папкасына жүктеу;
3) мәліметтерді алынбалы-салынбалы жеткізгіштерде беру.";
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілген Мемлекеттік кірістер органдарының монополияға қарсы органға салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмай, салық құпиясын құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді және кедендік реттеу саласындағы құпия ақпараттың тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (Департамент) төрағасының хатшылығы (Е.К. Ахметов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Жанәлінов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бірлескен бұйрық мемлекеттік орган басшыларының соңғысы қол қойған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасы _____________ М. Омаров |
Қазақстан РеспубликасыПремьер-Министрінің орынбасары –Қаржы министрі______________ Е. Жамаубаев |
Мемлекеттік кірістер органдарының монополияға қарсы органға салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмай, салық құпиясын құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді және кедендік реттеу саласындағы құпия ақпараттың тізбесі
1. "АСТАНА-1" ақпараттық жүйесі
№ | Салық құпиясын құрайтын мәліметтердің атауы |
1. | Сауда атауы. |
2. | Тауардың коды (ЕАЭО СЭҚ ТН). |
3. | Шығарылған елі. |
4. | Жөнетуші ел. |
5. | Межелі ел. |
6. | Сатушы ел. |
7. | Шот бойынша валюта және жалпы сома. |
8. | Фактуралық құн. |
9. | Кедендік құн. |
10. | Статистикалық құн. |
11. | Көлемі (салмағы/нетто). |
12. | Қосымша өлшем бірлігі. |
13. | Тауардың өлшем бірлігі. |
14. | Қаптаманың түрі / жеткізілетін дәрілік препарат орындарының саны. |
15. | Елдің кодтары: шығарылған/жөнелту/межелі. |
16. | Декларация нөмірі. |
17. | Жөнелтуші. |
18. | Алушы. |
19. | Шекарадағы көлік түрі / ел ішіндегі көлік түрі. |
2. "Бірыңғай деректер қоймасы" және "Интеграцияланған деректер базасы" ақпараттық жүйесі (БДҚ/ИДБ)
№ | Салық құпиясын құрайтын мәліметтердің атауы |
1. | Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы. |
2. | Тауардың коды (ЕАЭО СЭҚ ТН). |
3. | Валюта коды. |
4. | Өлшем бірлігі. |
5. | Саны (көлемі). |
6. | Жанама салықтарсыз тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бірлігі үшін баға (тариф). |
7. | Жанама салықтарсыз тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің құны. |
8. | Жанама салықтарды ескере отырып, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны. |
9. | Өнім берушінің ЖСН/БСН. |
10. | Өнім берушінің атауы. |
11. | Алушының ЖСН/БСН. |
12. | Алушының атауы. |
13. | ЭШФ тіркеу нөмірі. |
14. | ЭШФ жазып беру күні. |
Электрондық шот-фактуралардан мәліметтер | |
1. | ЭШФ тіркеу нөмірі |
2. | Жазып беру күні |
3. | ЖСН/БСН (өнім беруші) |
4. | Өнім беруші (атауы) |
5. | Қатысу үлесі (өнім беруші) |
6. | Орналасқан жердің мекенжайы (өнім беруші) |
7. | Өнім берушінің санаты |
8. | ЖСН/БСН (алушы) |
9. | Алушы (атауы) |
10. | Қатысу үлесі (алушы) |
11. | Орналасқан жердің мекенжайы (алушы) |
12. | Елдің коды (алушы) |
13. | Алушының санаты |
14. | Жөнелту мекенжайы (жүк жөнелтуші) |
15. | Жеткізу мекенжайы (жүк алушы) |
16. | Нөмірі (тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуге арналған шарт (келісімшарт) |
17. | Күні (тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуге арналған шарт (келісімшарт) |
18. | Нөмірі (тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуге арналған шартсыз (келісімшартсыз) |
19. | Күні (тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуге арналған шартсыз (келісімшартсыз) |
20. | Р/с № (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің реттік нөмірі) |
21. | Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің шығу белгісі. |
22. | Тауарларға арналған декларацияға немесе тауарларды әкелу мен жанама салықтарды төлеу туралы өтінішке сәйкес тауарлардың атауы. |
23. | Тауардың коды (ЕАЭО СЭҚ ТН). |
24. | Өлшем бірлігі |
25. | Саны (көлем) |
26. | Жанама салықтарсыз тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бір бірлігі үшін баға (тариф) |
27. | Жанама салықтарсыз тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны |
28. | Өткізу бойынша айналымның мөлшері (салық салынатын/салық салынбайтын айналым) |
29. | ҚҚС мөлшерлемесі |
30. | ҚҚС сомасы |
31. | Жанама салықтарды есепке алғанда, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны |
32. | Тауарларға арналған декларацияның, тауарларды әкелу мен жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің, тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттың, СТ-1 немесе СТ-KZ №. |
33. | Тауарларға арналған декларациядан немесе тауарларды әкелу мен жанама салықтарды төлеу туралы өтініштен алынған тауар позициясының нөмірі |
34. | Айналымды жасау күні |
35. | Межелі пункт |
3. "Фискалдық деректер операторлары" ақпараттық жүйесі
№ | Салық құпиясын құрайтын мәліметтердің атауы |
1. | Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы. |
2. | ЖСН/БСН |
3. | Бір бірлік үшін тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бағасы |
4. | Сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің саны, олардың өлшем бірлігі |
5. | Тауардың, жұмысты, көрсетілетін қызметті сатудың жалпы сомасы |
6. | Тауарларды сатып алудың, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің күні мен уақыты |
Ескертпе: аббревиатураларды ашып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
БДҚ – бірыңғай деректер қоймасы;
ИДБ – интеграцияланған деректер базасы;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ҚҚС – қосылған құн салығы;
ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы;
ЭШФ – электрондық шот-фактура