Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 6-бабы 2-тармағының 8-3) тармақшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар бекітілсін:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2023 – 2024 оқу жылына арналған техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2023 – 2024 оқу жылына арналған орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы.
2. "Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыны Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н. Төреғалиев |
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы "14" тамыздағы № 184 қаулысына 1-қосымша |
2023 – 2024 оқу жылына арналған техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ | Білім деңгейінің, мамандық және біліктілік коды | Мамандық атауы | Мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі (орын саны) күндізгі оқыту нысаны | Оқу жылында бір маманды оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар, теңге |
1 | 01120100 | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту | 100 | 462 000 |
2 | 01140100 | Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі | 125 | 462 000 |
3 | 01140500 | Дене тәрбиесі және спорт | 75 | 462 000 |
4 | 01140600 | Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі | 125 | 462 000 |
5 | 01140700 | Информатика | 25 | 462 000 |
6 | 02110300 | Графикалық және мультимедиялық дизайн | 25 | 469 212 |
7 | 02120100 | Интерьер дизайны | 10 | 507 408 |
8 | 02120200 | Киім дизайны | 10 | 507 408 |
9 | 02140100 | Сәндік қолданбалы және халықтық кәсіпшілік өнері (бейін бойынша) | 5 | 507 408 |
10 | 02150100 | Аспаптық орындау (аспап түрлері бойынша) | 16 | 507 408 |
11 | 02150300 | Вокалдық өнер | 3 | 507 408 |
12 | 02150400 | Хорды дирижерлау | 6 | 507 408 |
13 | 02150900 | Әлеуметтік-мәдени қызмет (түрлері бойынша) | 13 | 507 408 |
14 | 02151000 | Халықтық көркем шығармашылығы (түрлері бойынша) | 12 | 507 408 |
15 | 02210100 | Исламтану | 25 | 462 000 |
16 | 03220200 | Басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету және мұрағаттану | 25 | 462 000 |
17 | 04110100 | Есеп және аудит | 100 | 469 212 |
18 | 04130100 | Менеджмент (салалар және қолдану аясы бойынша) | 25 | 469 212 |
19 | 04140100 | Маркетинг (салалар бойынша) | 20 | 469 212 |
20 | 06120100 | Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша) | 150 | 469 212 |
21 | 06130100 | Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша) | 150 | 469 212 |
22 | 07110500 | Мұнай мен газды қайта өңдеу технологиясы | 60 | 469 212 |
23 | 07130100 | Электр жабдықтары (түрлері және салалары бойынша) | 75 | 469 212 |
24 | 07130200 | Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша) | 100 | 469 212 |
25 | 07130700 | Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (түрлері және салалары бойынша) | 75 | 469 212 |
26 | 07140900 | Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар | 75 | 469 212 |
27 | 07150100 | Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша) | 25 | 469 212 |
28 | 07150300 | Токарлық іс (түрлері бойынша) | 25 | 469 212 |
29 | 07150500 | Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша) | 270 | 469 212 |
30 | 07151100 | Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету (өнеркәсіп салалары бойынша) | 25 | 469 212 |
31 | 07161300 | Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану | 210 | 469 212 |
32 | 07161600 | Ауыл шаруашылығын механикаландыру | 185 | 469 212 |
33 | 07210300 | Нан пісіру, макарон және кондитер өндірісі | 25 | 469 212 |
34 | 07230100 | Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу | 110 | 469 212 |
35 | 07240900 | Мұнай және газ кен орындарын пайдалану | 50 | 469 212 |
36 | 07310300 | Жерге орналастыру | 25 | 469 212 |
37 | 07320100 | Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану | 260 | 469 212 |
38 | 07320600 | Жергілікті магистральдық және желілік құбырларды монтаждау | 50 | 469 212 |
39 | 07320700 | Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы және пайдалану | 150 | 469 212 |
40 | 07321100 | Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің инженерлік жүйелерін монтаждау және пайдалану | 25 | 469 212 |
41 | 07321200 | Газбен қамтамасыз ету жабдықтары мен жүйелерін құрастыру және пайдалану | 25 | 469 212 |
42 | 08110300 | Жеміс-көкөніс шаруашылығы | 35 | 469 212 |
43 | 08110700 | Балық шаруашылығы (түрлері бойынша) | 25 | 469 212 |
44 | 08210100 | Орман шаруашылығы | 15 | 469 212 |
45 | 08410100 | Ветеринария | 60 | 469 212 |
46 | 09120100 | Емдеу ісі | 100 | 472 596 |
47 | 09130100 | Мейіргер ісі | 125 | 472 596 |
48 | 09130200 | Акушерлік іс | 50 | 472 596 |
49 | 09140100 | Лабораториялық диагностика | 25 | 472 596 |
50 | 09230100 | Әлеуметтік жұмыс | 25 | 469 212 |
51 | 10120100 | Шаштараз өнері | 50 | 469 212 |
52 | 10130300 | Тамақтандыруды ұйымдастыру | 460 | 507 408 |
53 | 10150100 | Туризм | 50 | 469 212 |
54 | 10320100 | Өрт қауіпсіздігі | 25 | 469 212 |
55 | 10410300 | Автомобиль көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару | 25 | 469 212 |
Барлығы: | 3 960 | - |
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы "14" тамыздағы № 184 қаулысына 2-қосымша |
2023-2024 оқу жылына арналған орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ | Білім деңгейінің, мамандық және біліктілік коды | Мамандық атауы | Мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі (орын саны) күндізгі оқыту нысаны | Оқу жылында бір маманды оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар, теңге |
1 | 09130100 | Мейіргер ісі | 40 | 472 596 |
Барлығы: | 40 | - |