Орал қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Орал қаласының кенттері мен ауылдық округінің жергілікті жиналысының регламентін бекіту туралы" Орал қалалық мәслихатының 2018 жылғы 30 мамырдағы № 22-5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5226 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Орал қаласының кенттері мен ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысы регламентінде:
4-тармақтың оныншы абзацы алынып тасталсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Орал қалалық мәслихат төрағасы | Е.Калиев |