Ақжайық ауданы бойынша 2023 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 44 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық - атқару кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы №412 "Ата - анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата - анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13898 болып тіркелген) сәйкес, Ақжайық аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ақжайық ауданы бойынша 2023 жылға жұмыс орындарының квотасы ұйымдық - құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдардың жұмыскерлерінің тізімдік санынан ұйымдар үшін келесі мөлшерлерде:

      осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін екі пайыз мөлшерінде;

      осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін екі пайыз мөлшерінде.

      2. Ақжайық ауданы әкімі аппаратының басшысы осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын және Ақжайық ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Ақжайық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды алсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Қ.Айтмұхамбетов

  Ақжайық ауданы әкімдігінің
2023 жылғы "20" ақпандағы
№ 44 қаулысына 1 қосымша

Ақжайық ауданы бойынша 2023 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердіңтізімдік саны (адам)

Квотаның көлемі (% жұмыскерлер-дің тізімдік санынан)

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

"Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Чапаев ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі

28

2

1

2

"Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі

17

2

1

3

"Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Құрайлысай ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі

13

2

1

  Ақжайық ауданы әкімдігінің
2023 жылғы "20" ақпандағы
№ 44 қаулысына 2 қосымша

Ақжайық ауданы бойынша 2023 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердіңтізімдік саны (адам)

Квотаның көлемі (% жұмыскерлер-дің тізімдік санынан)

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

Ақжайық ауданы әкімдігінің "Жайықтехсервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығына негізделген)

76

2

1

2

"Чапаев ауылындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" мемлекеттік мекемесі

104

2

2

3

"Ақжайық ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақжайық аудандық мәдени – демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

54

2

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады