Жаңақала ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 14 шілдедегі "Жаңақала ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 27 наурыздағы № 68 "Жаңақала ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 131 қаулысын жою туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 31 наурыздағы № 111 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, Жаңақала ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жаңақала ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 14 шілдедегі "Жаңақала ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 27 наурыздағы №68 "Жаңақала ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 131 қаулысы жойылсын.

      2. "Жаңақала ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулының Жаңақала ауданы әкімдігінің Интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Д. Закарин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады