Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 28 сәуірдегі қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Дариян ауылдық округі Дариян ауылының көшелері:
"Светлая" көшесін – "Жарық" көшесі;
"8 Марта" көшесін – "Наурыз" көшесі;
"Некрасова" көшесін- "Абу Насыр - Әл Фараби" көшесі
"Чапаева" көшесін –"Әлихан Бөкейхан" көшесі;
"Озерная" көшесін – "Деркөл" көшесі;
"Больничная" көшесін – "Алаш" көшесі;
"Приуральная" көшесін – "Қарашығанақ" көшесі;
"Садовая" көшесін – "Алмалы" көшесі;
"Леонова" көшесін – "Арал" көшесі;
"Песочный" тұйығын – "М.Мақатаев" тұйығы;
"Колхозный" тұйығын – "Жайық" тұйығы;
"Дарьинский" тұйығын – "Дария" тұйығы;
"Советский" тұйығын – "И.Тайманов" тұйығы;
"Круглый" тұйығын – "Жетісу" тұйығы;
"Фестивальный" тұйығын – "Д.Нұрпейсова" тұйығы;
"Новоселов" тұйығын – "Ақотау" тұйығы;
"Комсомольский" тұйығын– "М.Мәметова" тұйығы;
"Озерный" тұйығын – "Деркөл" тұйығы деп қайта аталсын.
2. Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Дариян ауылдық округі Озерный ауылының көшелері:
"Степная" көшесін –"Желтоқсан" көшесі;
" Садовая" көшесін – "Алмалы" көшесі;
"Комсомольская" көшесін-"Жайық" көшесі;
"60 лет Октября" көшесін – "Әлия Молдағұлова" көшесі;
"Коммунистическая" көшесін – "Мәншүк Мәметова"көшесі;
"Суходольная" көшесін – "Шалқар" көшесі;
"Молодежная" көшесін –"Жастар" көшесі деп қайта аталсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі: | Т.Какенов |