Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімінің 11.05.2023 № 11 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі №756 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына сәйкес 2023 жылғы 14 наурыздағы №1.1-1/7 аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиясының кезектен тыс отырысының" хаттамасы негізінде ШЕШТІМ:
1. Казталов ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялансын.
2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Казталов ауданы әкімінің орынбасары Г.А.Алибеков тағайындалсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешімге қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Р. Зулкашев |