Қаратөбе ауданының ауылдық округтер аумағында бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзудің қағидаларын және жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу үшiн ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 10-5 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 "Жергiлiктi қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткiзудiң үлгiлік қағидаларын бекiту туралы" бұйрығына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Қаратөбе ауданының ауылдық округтер аумағында бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзудің қағидалары бекiтiлсiн.

      2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Қаратөбе ауданының ауылдық округтер аумағында бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу үшiн ауылдар тұрғындары өкiлдерiнiң сандық құрамы бекітілсін.

      3. Қаратөбе аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 ақпандағы № 13-2 "Қаратөбе аудандық мәслихатының 2014 жылғы 3 наурыздағы № 20-1 "Қаратөбе ауданының аумағында бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзу және жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу үшiн ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындары өкiлдерiнiң санын айқындау тәртiбi туралы қағидасын бекiту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімінің күші жойылсын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы Н.Мендешов

  Қаратөбе аудандық
мәслихатының
2023 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 10-5 шешіміне 1-қосымша

Қаратөбе ауданының ауылдық округтер аумағында бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзудің қағидалары

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қаратөбе ауданының ауылдық округтер аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32894 болып тіркелген) сәйкес әзірленді және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны – аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ, ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы;

      2) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы.

2 тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, шағын аудандар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер) бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      5. Ауылдық округтің әкімі ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын шақырады және өткізуді ұйымдастырады.

      Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған кезде көппәтерлі үйдің бөлек жиындары жүргізілмейді.

      6. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жергілікті қоғамдастықтың халқын ауылдық округтің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді.

      7. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ашудың алдында тиісті ауылдың, шағын ауданның, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Кәмелетке толмағандардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдардың жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысуына жол берілмейді.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, шағын ауданда, көшеде, көппәтерлі үйде тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.

      9. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Қаратөбе ауданының мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының қатысушылары ұсынады.

      10. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын жинаған кандидаттар сайланды деп есептеледі.

      Егер жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында дауыс беру кезінде қатысушылардың дауыстары тең бөлінген жағдайда, бөлек жиынның төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.

      11. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасына төраға мен хатшы қол қояды және бөлек жиын өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жиын хатшысы тіркеу үшін тиісті ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.

      Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында хаттама жүргізіледі, онда:

      1) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының өткізілген күні мен орны;

      2) тиісті аумақта тұратын және жергілікті қоғамдастық жиынына немесе жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;

      3) қатысушылардың саны және олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген тізім;

      4) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);

      5) күн тәртібі, сөйленген сөздердің мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

  Қаратөбе аудандық
мәслихатының
2023 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 10-5 шешіміне 2-қосымша

Қаратөбе ауданының ауылдық округтер аумағында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

      1. Қаратөбе ауданы Қоскөл ауылдық округінің тұрғындары үшін 6 өкіл, оның ішінде:

Ауыл атауы

Участкесінің №

Көшенің, ауылдың атауы

Өкілдерінің саны

1

Қоскөл

1

Қаржауов

2

Абай

Сейфуллин

2

Мұхит

2

Адилов

3

Жамбыл

1

2

Шалғын

4

Шалғын

1

      2. Қаратөбе ауданы Қаратөбе ауылдық округінің тұрғындары үшін 40 өкіл, оның ішінде:

Ауыл атауы

Участкесінің №

Көшенің, ауылдың атауы

Өкілдерінің саны

1

Қаратөбе

1

Малабаев

1

2

Жұмалиев

1

3

Құрманғалиев

1

4

Бекимов

1

5

Жангиров

1

6

Даулетова

1

Исаев

Жамбыл

7

Момышұлы

1

Иманов

8

Құрманғазы

1

9

Мұхит

1

10

Аубакиров

1

11

Нысанов

1

12

Молдагулова

1

13

Абай

1

Сейфуллин

14

Айтқожин

1

15

Тоққожин

1

16

№1 көше

1

17

Датұлы

1

18

Наурызалин

1

19

Алтынсарин

1

20

Ұзақ күйші

1

21

Маметова

1

22

Алаш

1

23

Жұмақаев

1

2

Шөптікөл

24

Көзеев

1

Бірлік

25

Құрманғалиев

1

26

Момышұлы

1

27

Есполов

1

28
29

Аубакиров

1

Шөптікөл


Бейбітшілік

1

30

Жұрмағамбетов

1

31

Абай

1

32

Мұқанов

1

33

Алтыбаз

1

34

Қаратөбе

1

Жұмысшы

Бесоба

Байназар

Ақкөл

Ескі Шөптікөл

Айтқали

Ақайдар

Сарыой



35

Үшағаш

3



36

Соналы

3





40

      3. Қаратөбе ауданы Сулыкөл ауылдық округінің тұрғындары үшін 13 өкіл, оның ішінде:

Ауыл атауы

Участкесінің №

Көшенің, ауылдың атауы

Өкілдерінің саны

1

Сулыкөл

1

Алтын ғасыр

1

2

Жумалиев

1

3

Ж.Жабаев

1

4

Б.Аманшин

1

5

М.Мақатаев

1

6

А.Құнанбаев

2

2

Үшана

7

Үшана

3

3

Төлен

8

Төлен

3

4

Темірбек

9

Темірбек

0

      4. Қаратөбе ауданы Аққозы ауылдық округінің тұрғындары үшін 11 өкіл, оның ішінде:

Ауыл атауы

Участкесінің №

Көшенің, ауылдың атауы

Өкілдерінің саны

1

Қоржын

1

Құрманғазы

2

С.Мұқанов

Ж.Молдағалиев

2

Мұхит

1

М.Әуезов

3

Жамбыл

1

Ә.Жангельдин

Ә.Молдагулова

Ж.Панов

4

Достық

2

Бейбітшілік

5

Т.Шамғонов

2

Қ.Жұмалиев

Б.Момышұлы

2

Аққозы

6

Аққозы

1

3

Бесоба

7

Бесоба

1

4

Қосбаз

8

Қосбаз

1

      5. Саралжын ауылдық округінің тұрғындары үшін 15 өкіл, оның ішінде:

Ауыл атауы

Участкесінің №

Көшенің, ауылдың атауы

Өкілдерінің саны

1

Саралжын

1

Мұхит

2

2

Е.Ғабдрахманов

2

3

Р.Малабаев

2

4

Р.Елешов

1

5

Ғ.Құрманғалиев

2

6

Б.Қаратаев

2

7

Қарақамыс

2

2

Сәуле

8

Т.Иманғазиев

2

      6. Қаратөбе ауданы Қаракөл ауылдық округінің тұрғындары үшін 17 өкіл, оның ішінде:

Ауыл атауы

Участкесінің №

Көшенің, ауылдың атауы

Өкілдерінің саны

1

Ақтай -сай

1

Ш.Уәлиханов

2




Т.Қожанов

1




Б.Майлин

1



2

А.Құнанбаев

1




М.Маметова

1




М.Әуезов

1



3

Бейбітшілік

1




Халықтар достастығы

1




Қазақстан

2



4

С.Сейфуллин

1




М.Аманғалиев

2

2

Алакөл

5

Алакөл

3

      7. Қаратөбе ауданы Жусандой ауылдық округінің тұрғындары үшін 26 өкіл, оның ішінде:

Ауыл атауы

Участкесінің №

Көшенің, ауылдың атауы

Өкілдерінің саны

1

Жусандой

1

Жанкелдин

2



2

Бейбітшілік

2



3

Жамбыл

2



4

Мұхит

2



5

Абай

2



6

Сейфуллин

2

2

Ханкөл

7

Құрманғалиев

2



8

Аманшин

2



9

Бейбітшілік

2



10

Құрманғазы

2



11

Мұратбаев

2



12

Мұхит

2



13

Абай

2

      8. Қаратөбе ауданы Егіндікөл ауылдық округінің тұрғындары үшін 10 өкіл, оның ішінде:

Ауыл атауы

Участкесінің №

Көшенің, ауылдың атауы

Өкілдерінің саны

1

Егіндікөл

1

Жанкелдин

2



2

Мұхит

1



Ы.Алтынсарин



3

М.Маметова

1



М.Әуезов



Б.Майлин



4

С.Сейфуллин




5

Ж.Жабаев

1



А.Айткожин



6

Ә.Тоққожин

1



Қарақоға



7

Ғ.Құрманғалиев

1

2

Қоскөл

8

Қоскөл

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады