"Теректі ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне 2023 жылы әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы" 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 2-9 Теректі аудандық мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қазандағы № 8-5 шешімі

      Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Теректі ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне 2023 жылы әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы" 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 2-9 Теректі аудандық мәслихатының шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 126 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" бұйрығы (мемлекеттік қызмет тізілімінде тіркелген Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу № 32927) және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (мемлекеттік қызмет тізілімінде тіркелген Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу № 9946) сәйкес, Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Теректі аудандық мәслихатының төрағасы А. Нургалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады