"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес, "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 3-тармағының 7-4) тармақшасына, 62-бабының 6-2-тармағына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бюджет қаражаты көлемі шегінде балаларға қосымша білім беруге 2025 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Астана қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне жіберуді;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Ж. Қасымбек |
Астана қаласы әкімдігінің 2024 жылғы "___"______ №___ қаулысына қосымша |
Бюджет қаражаты көлемінің шегінде балаларға қосымша білім беруге 2025 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
Р/с № | Қосымша білім беру бағыттарының түрлері | Білім алушылардың және (немесе) тәрбиеленушілердің саны | Бір білім алушыға және (немесе) тәрбиеленушіге айына шығыстардың орташа құны (теңге). Норматив 1 сабақ (40 мин.) | Топтық сабақтардың бағасы (айына), (тенге) | Сабақтардың саны (айына) | Жалпы сомасы (жылына), (тенге) | ||||
Барлығы | Топтық | Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған топ | Топтық | Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған топ | Топтық | Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған топ | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | |
1. | Ғылыми-техникалық бағыт | 545 | 515 | 30 | 1 401,7 | 2 201,6 | 721 876,7 | 66 048,5 | 16 | 151 281 635,6 |
2. | Туристік-өлкетану бағыты | 50 | 40 | 10 | 1 185,4 | 1 769,9 | 47 414,7 | 17 698,9 | 16 | 12 501 807,9 |
1 | 2 | 50 | 40 | 10 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
3. | Экология-биологиялық бағыт | 3 | 4 | 5 | 1 171,7 | 1 982,4 | 46 867,9 | 19 823,8 | 16 | 12 804 810,4 |
4. | Көркемдік-эстетикалық бағыт | 375 | 345 | 30 | 1 155,5 | 1 966,2 | 398 662,5 | 58 986,8 | 16 | 87 868 674,8 |
5. | Әлеуметтік-педагогикалық бағыт | 180 | 145 | 35 | 932,6 | 1 517,1 | 135 229,3 | 53 099,9 | 16 | 36 159 219,7 |
6. | Гуманитарлық бағыт | 135 | 100 | 35 | 929,4 | 1 513,9 | 92 938,5 | 52 986,9 | 16 | 28 017 673,4 |
7. | Жаратылыстану-математикалық бағыт | 105 | 70 | 35 | 945,5 | 1 530,1 | 66 187,8 | 53 552,3 | 16 | 22 990 082,2 |
Барлығы | 1 440 | 1 255 | 185 | 351 623 904,0 |
__________________________