Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында 2024 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Астана қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 5 сәуірдегі № 107-1289 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 3-тармағының 7-1) тармақшасына, 62-бабының 6-тармағына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында 2024 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "Астана қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне жіберуді;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Әкім
Әкімнің бірінші орынбасары
Астана қаласы әкімінің орынбасары
Астана қаласы әкімінің орынбасары
Астана қаласы әкімінің орынбасары
"Астана қаласы әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
"Астана қаласының Қаржы басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
"Астана қаласының Экономика
және бюджеттік жоспарлау басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
"Астана қаласы әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесі басшысының
орынбасары
"Астана қаласы әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесі мемлекеттік-құқықтық
бөлімінің басшысы
"Астана қаласының Білім басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Ж. ҚасымбекН. НұркеновЕ. БайкенЕ. ГлотовЕ. ӨтебаевД. ЕшкеевӘ. ЖұмаевҚ. МаңқараевЖ. ШаукентаевТ. МусинҚ. Сенғазыев

  Астана қаласы әкімдігінің
2024 жылғы "__" _______
№ _________ қаулысына
қосымша

Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында 2024 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

Р/с

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны

Мектепке дейінгі ұйымдарда бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге)

Бір тәрбиеленушіге бір айға ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге)
(5, 6, 7 бағандарда көрсетілген тәрбиеленушілерді қоспағанда)

Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйым

Жекеменшік мектепке дейінгі ұйым

Шағын орталық

Санато риялық мектепке дейінгі ұйымдар

1. Жалпы білім беретін мектепке дейінгі ұйымдағы түзету және инклюзивті топтар.
2. Түзету (арнайы) мектепке дейінгі ұйымдар

Мектепке дейінгі ұйымдағы жалпы білім беретін топтар және толық күн болатын шағын орталықтар

Жарты күн болатын шағын орталық

Санато риялық мектепке дейінгі ұйымдар

1. Жалпы білім беретін мектепке дейінгі ұйымдағы түзету және инклюзивті топтар.
2. Түзету (арнайы) мектепке дейінгі ұйымдар

Мемлекеттік, жекеменшік мектепке дейінгі ұйым және толық күн болатын шағын орталық

толық күн болатын

жарты күн болатын

3 жасқа дейін

3-6 жастан

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

1.

22 535

45 547

813

4 398

370

1712

54 506

24 018

81 598

98 103

19 700

20 800

      ___________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады