"Автомобиль көлiгi туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 19-бабының 2-тармағына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қалалық және қала маңы көлік қатынастарында жолаушылар мен жүкті автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тариф жолаушының бір сапары үшін 110 (бір жүз он) теңге мөлшерінде белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкiмiнiң жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.
3. Осы қаулы қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Ж. Қасымбек |