"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің арсеналдарында, базалары мен қоймаларында зымырандарды және оқ-дәрілерді сақтауды ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 11 тамыздағы № 442қбп бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 5 қаңтардағы № 7 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің арсеналдарында, базалары мен қоймаларында зымырандарды және оқ-дәрілерді сақтауды ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 11 тамыздағы № 442қбп бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15690 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің арсеналдарында, базалары мен қоймаларында зымырандарды және оқ-дәрілерді сақтауды ұйымдастыру жөніндегі қағидаларда:

      "Инженерлік оқ-дәрілерді сақтауды ұйымдастыру" деген 5-бөлімалып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы Инженерлік әскерлер департаментінің бастығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары 7-тармағының талаптарына сәйкес осы бұйрықтың деректемелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастырылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде осы тармақтың 1) тармақшасының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің қару-жарақ пен әскери техника жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі генерал-полковник
Р. Жақсылықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады