Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің көлік құралдарын 200 километрден артық қашықтықта бақылауды және пайдалануды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 820 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 20 шiлдедегi № 760 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің көлік құралдарын 200 километрден артық қашықтықта бақылауды және пайдалануды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 820 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29830 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің көлік құралдарын 200 километрден артық қашықтықта бақылауды және пайдалануды ұйымдастыру қағидаларында:

      5-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Жоғарғы штабтың жедел кезекшісі бағынысты әскери бөлімдер (мекемелер) үшін ақпаратты жинақтауды жүзеге асырады және Астана қаласының уақыты бойынша сағат 17.00-ге дейін әскери тасымалды жоспарлауды және ұйымдастыруды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшеге және ҰҚБО жедел кезекшісіне Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша автомобиль техникасының легін 200 километрден артық пайдалану жоспарын жібереді.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Көлік құралдарын 200 километрден артық қашықтықта пайдалану Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бірінші және төртінші санаттағы көлік құралдарының қозғалысына қатысты бөлігінде Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы (бұдан әрі – ҚМБО – ҚР ҚК БШБ) бекіткен тиісті айға арналған жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 17-1,17-2 және 17-3-тармақтармен толықтырылсын:

      "17-1. Ай сайын 20-сы күніне қарай әскери тасымалды жоспарлауды және ұйымдастыруды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшеге бірінші және төртінші санаттағы көлік құралдарының қозғалысына қатысты бөлігінде құрылымдық бөлімше үшін алдағы айға арналған 200 км артық қашықтыққа автомобиль көлігімен материалдық-техникалық құралдарды жеткізу жоспары ұсынылсын.

      17-2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Тыл бастығы ай сайын 30-ы күніне дейін ҚМБО – ҚР ҚК БШБ-ға бекітуге Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үшін алдағы айға арналған жоспарды ұсынсын.

      17-3. Әскер мен жүкті жоспардан тыс, кенеттен жеткізу Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҚР ҚК Тыл бастығымен келісілгеннен кейін ҚМБО – ҚР ҚК БШБ-ның рұқсатымен жүзеге асырылсын.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің көлік құралдарын 200 километрден артық қашықтықта бақылауды және пайдалануды ұйымдастыру қағидаларына 7-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің көлік құралдарын 200 километрден артық қашықтықта бақылауды және пайдалануды ұйымдастыру қағидаларына 8-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидалар осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 9-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу қағидалары 10-тармағының, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін қалыптастыру, сондай-ақ оған мәліметтер енгізу жөніндегі нұсқаулықтың (2023 жылғы 12 шілдеде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 33059 болып тіркелген) талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі генерал-полковник
Р. Жақсылықов

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2024 жылғы 20 шілдедегі
№ 760 бұйрығына
1- қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің көлік
құралдарын 200 километрден
артық қашықтықта бақылауды
және пайдалануды ұйымдастыру
қағидаларына
7-қосымша
  Нысан

20_жылғы "___" _________200 километрден артық автомобиль техникасының легін пайдалану (жеке құрамды, қару-жарақты, оқ-дәрі мен басқа да мүлікті жеткізу) жоспары


Күнделікті қызметті қамтамасыз ету

Барлығы

Барлығы бар

___ лек

___ лек

Барлығы әскери техника

___ бірлік

___ бірлік

ӘАП-ның бірге жүруімен

___ лек

___ лек

Қарауылдың бірге жүруімен

___ лек

___ лек

Оқ-дәрі мен қару-жарақты жеткізу

___ лек

___ лек

1. Қозғалыстағы автомобиль легі – ___
АКТ – __, БТТ – __, МТҚ: (ҚӘТ – __, құрғақ жүк – __, ЖЖМ – __, АҚ – __, ОД – __)
жеткізілетін ж/қ – __ адам, қарауыл – __ (саны) / __ (адам) __ АҚ (ОД), __бірл. АҚ (ОД)

Р/с

әскери бөлім (мекеме)

шығатын күні, маршруты, қашықтығы (екі бағытқа)

техника атауы (барлығы АКТ, оның ішінде маркасы бойынша), мақсаты, жеткізілетін мүліктің атауы (саны, салмағы)

жол жөнекей жүктің жүру маршруты (жүк атауы, тн.)

ТОП-ға келуді жоспарлау күні орналасуы/түнеу: (елді мекен, ә/б, күні, уақыты)

біржолғы рұқсаттама (жүргізу) нөмірі, күні және қолданылу кезеңі

ӘАП (ілесіп жүру а/м саны)

рейсті жасауға негіз (күні, жеделхат , өкім №және т.б.)

ерекше белгілері: жөнелтуші – алушы, жетекшілердің ТАӘ(бар болса), лауазымы, тел., (барлығы ж/қ: оф/кбә/қ/мқс/ азамат.персонал); жеткізілетін ж/қ (барлығы: оф/кбә/қ/мқс/ азамат.персонал); КБ ә/а ТАӘ (бар болса) (қару/од)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

"____" Өң Қ (ӘКТ - 0)

 

 

 

 











      Кестенің жалғасы

1. Шығуға жоспарланған автомобиль легі – ___
АКТ __, БТТ __, МТҚ: (ҚӘТ – __, құрғақ жүк – __, ЖЖМ – __, АҚ – __, о/д – __)
жеткізілетін жеке құрам – __ адам., қарауыл – __ (саны) / __ (адам) __ АҚ (о/д), __бірл. АҚ (о/д)

Р/с

әскери бөлім (мекеме)

Шығатын күні, маршруты, қашықтығы (екі бағытқа)

техника атауы (барлығы АКТ, оның ішінде маркасы бойынша) мақсаты, жеткізілетін мүліктің атауы (саны, салмағы)

жол жөнекей жүктің жүру маршруты (жүк атауы, тн.)

ТОП-ға келуді жоспарлау күні орналасуы/түнеу: (елді мекен, ә/б, күні, уақыты)

  біржолғы рұқсаттама (жүргізу) нөмірі, күні және қолданылукезеңі)

  ӘАП (ілесіп жүру а/м саны)

рейсті жасауға негіз (күні, жеделхат, өкім № және т.б.)

ерекше белгілері: жөнелтуші – алушы жетекшілердің ТАӘ (бар болса), лауазымы, тел., (барлығы ж/қ: оф/кбә/қ/мқс/ азам.персонал); жеткізілетін ж/қ (барлығы: оф/кбә/қ/мқс/ азамат.персонал); КБ ә/а ТАӘ (бар болса) (қару/од)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

"____" ӨңҚ (ӘКТ - 0)

 

 

 

 











  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2024 жылғы 20 шілдедегі
№ 760 бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің көлік
құралдарын 200 километрден
артық қашықтықта бақылауды
және пайдалануды ұйымдастыру
қағидаларына
8-қосымша
  Нысан
  Бекітемін
  Құрылымдық бөлімшенің бастығы
  _________________________
(ә/а., қолтаңбасы, ТАӘ ( бар болса)
  20 ___ ж. "___" _____________

20__ жылғы __________ (ай) ҚР ҚК автомобиль көлігімен 200 км артық қашықтыққа материалдық-техникалық құралдарды жеткізу жоспары

р/с №

жеткізуді мәлімдеуші, ә/б

Жүк атауы

Жүк массасы (саны), тонна

Автокөлік бөлетін әскери бөлім (мекеме)

Бөлінетін көлік құралы

Жеткізу маршруты

Жжеткізу аралығы және рейс саны

Жеткізу мерзімі

Моторесурс шығысы, мың

Кері бағытта неніжеткізу жоспа рлануда

Ескертпе

Жүк автомобилі

Авто отын құю құралы

Тіркеме

Қайдан (е.м., ә/б)

Қайда (е.м., ә/б)

Басталуы

Аяқталуы

 

 

 

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
















БАРЛЫҒЫ: ____ автомобиль
АКТ - ___ бірлік (оның ішінде: автомобиль -____бірл., тіркеме - ____бірл.).

      Жоспарды жасауға жауапты лауазымды адам _____________________________

      (ә/а., қолтаңбасы, ТАӘ (бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2024 жылғы 20 шілдедегі
№ 760 бұйрығына
3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің көлік
құралдарын 200 километрден
артық қашықтықта бақылауды
және пайдалануды ұйымдастыру
қағидаларына
9-қосымша
  Нысан
  Қорғаныс министрінің бірінші
орынбасары – Қазақстан
Республикасы Қарулы
Күштері Бас штабының
бастығына

      "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің көлік құралдарын 200 километрден артық қашықтықта бақылауды және пайдалануды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 20__ жылғы "__"____ №___ бұйрығының ___-тармағына және _______________________________________ сәйкес

      (себепті және негізді көрсету)

      Сізден ҚР ҚК Тыл бастығына 2024 жылғы _________

      (ай)

      арналған 200 км артық қашықтыққа ҚР ҚК материалдық-техникалық құралдарын жеткізу жоспарына толықтырулар енгізу туралы нұсқау беруіңізді сұраймын.

      Қосымша: жеткізу жоспары – 1 дана, __ парақта, құпия емес, тек адресатқа.

________________________________________________________ (баянатты беруге өкілеттік берілген адамның лауазымы, әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) 20__ жылғы __________ (ай) ҚР ҚК материалдық-техникалық құралдарын автомобиль көлігімен 200 км артық қашықтыққа жеткізу жоспары

р/с

жеткізуді мәлімдеуші, ә/б

Жүк атауы

Жүк массасы (саны), тонна

Автокөлік бөлетін әскери бөлім (мекеме)

Бөлінетін көлік құралы

Жеткізу маршруты

Жеткізу аралығы және рейс саны

Жеткізу мерзімі

Моторесурс шығысы, мың

Кері бағытта нені жеткізу жоспарлануда

Ескертпе

Жүк автомобилі

Авто отын құю құралыр

Тіркеме

Қайдан (е.м., ә/б)

Қайда (е.м., ә/б)

Басталуы

Аяқталуы

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
















БАРЛЫҒЫ: ____ автомобиль
АКТ - ___ бірлік (оның ішінде: автомобиль -____бірл., тіркеме - ____бірл.)









      Жоспарды жасауға жауапты лауазымды адам ______________________________

      (ә/а., қолтаңбасы, ТАӘ (бар болса)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады