Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің көлік құралдарын 200 километрден артық қашықтықта бақылауды және пайдалануды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 820 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 26 қыркүйекте № 29830 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереже 15-тармағының 158) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің көлік құралдарын 200 километрден артық қашықтықта бақылауды және пайдалануды ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің көлік құралдарын бақылауды ұйымдастыру және оларды 200 километрден астам арақашықтыққа пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 12 қаңтардағы № 10 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2021 жылғы 14 қаңтарда № 22069 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
Р. Жаксылыков

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2022 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 820 Бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің көлік құралдарын 200 километрден артық қашықтықта бақылауды және пайдалануды ұйымдастыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің көлік құралдарын 200 километрден артық қашықтықта бақылауды және пайдалануды ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің (бұдан әрі – ҚР ҚК) көлік құралдарын 200 километрден артық қашықтықта бақылау және пайдалану тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бақылау парағы – 200 километрден артық қашықтықта рейс (бұдан әрі – рейс) орындайтын көлік құралдары туралы мәліметтер енгізілген құжат;

      2) біржолғы рұқсаттама – бір рейс жасауға құқық беретін, әскери полиция органы беретін құжат;

      3) жол жүру маршруты – бастапқы, соңғы және аралық пункттерді, сондай-ақ аялдау, тұрақ және түнде демалатын орындарын көрсете отырып, көлік құралының жүру маршруты;

      4) рұқсат беру құжаты – біржолғы рұқсаттама беру үшін негіздеме болып табылатын, уәкілетті лауазымды адам қол қойған жеделхат, өкім, хат немесе өзге де құжат;

      5) трекер – Қазақстан Республикасы аумағының шегінде рейс жасайтын көлік құралына орнатылатын оның ағымдағы орналасқан жерін, қозғалу маршруты мен жылдамдығын автоматтандырылған айқындауға арналған аспап.

      3. Рейс жасайтын көлік құралдары мынадай санаттарға бөлінеді:

      бірінші санат – әскери бөлімдер мен мекемелердің тіршілік әрекетін қамтамасыз ету (әртүрлі мүлік түрлерін жеткізу, техниканы тасымалдау және әскерлердің жауынгерлік даярлығымен байланысты емес басқа да міндеттерді орындау);

      екінші санат – қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және зымыран отынын тасымалдау;

      үшінші санат – лауазымды адамдардың қызметтік іссапарларға шығуы үшін бөлінетін жеңіл автомобильдердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары шығатын көлік құралдарының қозғалысы;

      төртінші санат – оқу-жаттығуларды, әскерлердің жауынгерлік әзірлігін арттыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу және жауынгерлік даярлық жөніндегі басқа да міндеттер шеңберіндегі көлік құралдарының қозғалысы;

      бесінші санат – шұғыл жүктерді жеткізу, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің және оның орынбасарларының нұсқауларын орындау;

      алтыншы санат – шетелдік делегацияларды және Қорғаныс министрлігінің басшы құрамына қызмет көрсетуге бөлінетін көлік құралдары.

2-тарау. 200 километрден артық қашықтықта көлік құралдарын пайдалануға рұқсат алу тәртібі

      4. 200 километрден артық қашықтықта көлік құралдарын пайдалану мыналардың шешімі бойынша жүзеге асырылады:

      1) ҚР ҚК Бас штабы бастығы бірінші орынбасарының – екінші және үшінші санаттағы көлік құралдарының қозғалысына қатысты бөлігінде;

      2) ҚР ҚК түрлері бас қолбасшыларының, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі (бұдан әрі – Қорғаныс министрлігі), Қарулы Күштері Бас штабы департаменттері, басқармалары, бас басқармалары бастықтарының – бағынысты әскери бөлімдер мен мекемелердің бірінші, төртінші және бесінші санаттағы көлік құралдарының қозғалысына қатысты бөлігінде;

      3) әскер тектерінің және өңірлік қолбасшылықтар әскерлері қолбасшыларының – өңірлік қолбасшылықтың жауапкершілік аумағы шегінде бірінші және төртінші санаттағы бағынысты әскери бөлімдер мен мекемелердің (бағынысты әскери бөлімдер мен мекемелердің орналасқан жерінде) көлік құралдарының қозғалысына қатысты бөлігінде;

      4) ҚР ҚК Қару-жарақ бастығының – алтыншы санаттағы автомобиль қозғалысына қатысты бөлігінде.

      5. Рейс жасау үшін құжаттарды рәсімдеу:

      1) ҚР ҚК әскери бөлімдерінің командирлері, мекемелерінің бастықтары рейс жасауға қажеттілік туындаған кезде олар бағынысты болған ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚК Бас штабының департаменттері, басқармалары, ҚР ҚК бас басқармалары бастықтарының, әскер түрлері бас қолбасшыларының, әскер тектері және өңірлік қолбасшылықтар әскерлері қолбасшыларының (бұдан әрі – құрылымдық бөлімшелердің бастықтары) мекенжайына негіздемемен Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім жолдайды;

      2) қаралғаннан кейін, құрылымдық бөлімшелердің бастықтары рұқсат құжатты өтінім беруші – әскери бөлімге (мекемеге) жолдайды;

      3) екінші және үшінші санаттағы көлік құралдарының шығуы жоспарланған жағдайда құрылымдық бөлімшенің бастығы ҚР ҚК Бас штабы бастығының бірінші орынбасары алдында рейс жасауға рұқсат беру туралы қолдау көрсетеді;

      4) рейс жасау мерзімі, көлік құралдарының түрі мен тасымалданатын жүктер шығуға жоспарланған мерзімге дейін 5 жұмыс күні ішінде әскери тасымалдауларды жоспарлауды және ұйымдастыруды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшемен келісіледі.

3-тарау. 200 километрден артық арақашықтыққа рейстерде көлік құралдарын пайдалану тәртібі

      6. Көлік құралдарын рейске шығару және олардың қозғалысы мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) әскери бөлімнің (мекеменің) көлік құралдарын пайдалануға жауапты лауазымды адамы рұқсат ету құжатын алғаннан кейін, көлік құралын техникалық қарап-тексеруден өткізеді, нәтижелерін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралын тексеру актісін ресімдейді, одан кейін рұқсат ету құжаттарының көшірмелерін және көлік құралын тексеру актісін қоса бере отырып, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім негізінде гарнизонның әскери полиция органында (бұдан әрі – ӘПО) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рейс жасауға біржолғы рұқсаттама алады;

      2) әскери бөлім командирінің (мекеме бастығының) өтінімін, рұқсат ету құжаттарын және көлік құралын тексеру актісін қарағаннан кейін, ӘПО-ның уәкілетті адамы ҚР ҚК Әскери полициясы бас басқармасында біржолғы рұқсаттаманың нөмірін алады және рейс жасауға біржолғы рұқсаттаманы жазып береді;

      3) 6-тармақтың 1) және 2) тармақшасында көзделген іс-қимылдар шығуға жоспарланған күнге дейін 3 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      4) екінші және бесінші санаттағы көлік құралдары рейске кеткен кезде, ӘПО-да пайдаланылмайтын трекер бар болғанда, көлік құралының қозғалысын қосымша бақылауды жүзеге асыру үшін автомобильдің рейске шығуы қарсаңында, ӘПО-ның уәкілетті адамы көлік құралына трекерді монтаждайды, монтаждау нәтижелері Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша трекерді монтаждау (бөлшектеу) актісімен ресімделеді. Машинаға трекерді монтаждау (бөлшектеу) актісіне әскери бөлімнің (мекеменің) көлік құралдарын пайдалануға жауапты лауазымды адамы, жүргізушісі, сондай-ақ ӘПО-ның өкілі қол қояды;

      5) әскери бөлім (мекеме) ӘПО-дан 50 километрден артық арақашықтықта орналасқан кезде әскери бөлімнің (мекеменің) көлік құралдарын пайдалануға жауапты лауазымды адамы көлік құралына бақылау техникалық қарап-тексеруді жүргізеді, қарап-тексеру нәтижелерін Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралын тексеру актісімен ресімдейді, біржолғы рұқсаттаманың нөмірін алу үшін ӘПО-ға рұқсат ету құжаттарының көшірмелерін және көлік құралын тексеру актісін қоса бере отырып, Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім жолдайды, ӘПО-дан біржолғы рұқсаттаманың нөмірін алғаннан кейін Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рейс жасауға біржолғы рұқсаттама жазып береді;

      6) қозғалыс маршрутын өзгертуге, жүргізушілерді және машина жетекшілерін ауыстыруға, сондай-ақ рейсті орындау мерзімдерін ұзартуға рұқсатты рейс жасауға рұқсат еткен лауазымды адам береді. Қабылданған шешіммен құжат көлік құралы орналасқан жер бойынша ӘПО-ға жолданады, одан кейін ӘПО-ның лауазымды адамдары біржолғы рұқсаттамаға тиісті өзгерістер енгізеді;

      7. Көлік құралдарын пайдалануға жол беріледі:

      1) бірінші және екінші санаттағыны:

      сенбі, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күнделікті сағат 7.00-ден 18.00-ге дейін, 15 сәуір мен 15 қазан кезеңінде сағат 6.00-ден 21.00-ге дейін;

      сенбі күндері сағат 7.00-ден 15.00-ге дейін;

      демалыс және мереке күндері – пайдалануға жол берілмейді;

      2) үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы санаттағыны рейс жасау туралы шешім қабылдаған құрылымдық бөлімшелердің бастықтары айқындайды. Рейс жасауға құрылымдық бөлімшенің бастығы жол жүруге рұқсат етілген уақытты айқындамауға шешім қабылдаған жағдайда көлік құралы Қағидалардың 7-тармағының 1) тармақшасына сәйкес пайдаланылады.

      8. Жүргізушінің көлік құралын күнделікті басқару ұзақтығы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1288 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14095 болып тіркелген) бекітілген Жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидаларында белгіленген уақыттан артпауға тиіс.

      9. Оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды, зымыран отынын және қауіпті жүктерді тасымалдау "Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларын және Қазақстан Республикасының аумағында автокөлік құралдарымен тасымалдауға жол берілетін қауіпті жүктердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 460 бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11779 болып тіркелген) талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      10. Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ішкі қызмет жарғысының талаптарына сәйкес гарнизон шегінен тыс рейске кететін жүргізушілермен, машина жетекшілерімен және лек бастықтарымен командир (бастық) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларын (бұдан әрі – ЖЖҚ) сақтау туралы нұсқау беру жүргізіледі.

      11. Көлік құралдарының қозғалысы жүру маршрутында барлық ӘПО-да міндетті түрде тіркеумен рейс жасауға берілген біржолғы рұқсаттамада көрсетілген маршрут бойынша жүзеге асырылады. ӘПО-ның лауазымды адамы көлік құралын тіркеген кезде біржолғы рұқсаттамада гарнизонға келген, сондай-ақ гарнизоннан кеткен күні мен уақыты туралы белгілер қояды. Белгілер ӘПО уәкілетті адамының қолтаңбасымен және ӘПО-ның мөрімен расталады.

      Жол жүру маршрутында ӘПО болмаған жағдайда көлік құралын тіркеу көлік құралы келген әскери бөлім (мекеме) бойынша кезекші жүзеге асырады, белгілер оның қолтаңбасымен және әскери бөлімнің (мекеменің) мөрімен расталады. Келген және кеткен уақыты туралы ақпаратты кезекші гарнизонның ӘПО-ға хабарлайды.

      12. Транзиттік көлік құралдарын тұраққа қою және жүргізушілердің түнгі демалысы гарнизон бастықтарының бұйрықтарымен айқындалған әскери бөлімдерде (мекемелерде) жүзеге асырылады. Жекелеген жағдайларда жоспарланған қонатын жерге келу мүмкін болмаған кезде әскери бөлім командирімен (мекеме бастығымен) келісу бойынша жол жүру бағыты бойынша елді мекендерде жүзеге асырылады.

      13. Гарнизон бастықтары жыл сайын 15 желтоқсанға дейінгі мерзімде, өз бұйрықтарымен транзиттік көлік құралдарының тұраққа қоюы және жүргізушілердің түнгі демалысы жүзеге асырылатын әскери бөлімдер мен мекемелерді айқындайды.

4-тарау. Көлік құралдарын 200 километрден артық қашықтықтағы рейстерде пайдалануын бақылау

      14. Көлік құралдарының қозғалысын бақылау әскери бөлім командиріне (мекеме бастығына) және жоғары тұрған штабтың жедел кезекшісіне баяндай отырып, әскери бөлім (мекеме) бойынша кезекші жүзеге асырады. Көлік құралын рейске шығарар алдында әскери бөлім (мекеме) бойынша кезекші жоғары тұрған штабтың және ҚР ҚК Бас штабы Ұлттық қорғанысты басқару орталығының (бұдан әрі – ҰҚБО) жедел кезекшісіне Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бақылау парағын жолдайды.

      15. Жоғары тұрған штабтың жедел кезекшісі бағынысты әскери бөлімдер (мекемелер) үшін ақпаратты жинақтауды жүзеге асырады және Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша 18.00-ге дейін әскери тасымалдауларды жоспарлауды және ұйымдастыруды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшенің және ҰҚБО жедел кезекшісінің мекенжайына Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 200 километрден артық автомобиль техникасының легін пайдалану жоспарын жолдайды.

      16. Көлік құралын рейске шығару, қонатын жерге тоқтау және жол жүру барысындағы оқиғалар туралы әскери бөлім (мекеме) бойынша кезекші жоғары тұрған штабтың жедел кезекшісі арқылы әскери тасымалдауларды жоспарлауды және ұйымдастыруды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшенің және ҰҚБО-ның жедел кезекшілеріне баяндайды.

5-тарау. Көлік құралдарын 200 километрден артық қашықтыққа пайдалануды жоспарлау

      17. Көлік құралдарын 200 километрден артық қашықтықта пайдалану ай сайын нақтылаумен Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрылымдық бөлімшелердің бастықтары бекіткен тиісті жылға арналған Жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.

      18. Рейсті жоспарлау кезінде рейске шығудың мақсатқа сәйкестігі, тасымалдаудың негізділігі және көлік құралының түрі ескеріледі.

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің
көлік құралдарын 200
километрден артық қашықтықта
бақылауды және пайдалануды
ұйымдастыру қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  ____________________________
құжат жөнелтілетін адамның
лауазымы

      Әскери бөлімнің

      (мекеменің)

      бұрыштама мөртаңбасы

Өтінім

      "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің көлік құралдарын 200 километрден артық қашықтықта бақылауды және пайдалануды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 20__ жылғы "__"_________ №___ бұйрығына сәйкес мынадай

      _________________________________________________ автомобиль техникасын 200

      (әскери бөлім немесе мекеме атауы)

      километрден артық қашықтықта пайдалануға рұқсат етуіңізді сұраймын.

Р/с №

Көлік құралының маркасы

Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі

Тіркеме маркасы

Тіркеменің мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі

Жүргізушінің әскери атағы, ТАӘ (ол бар болған кезде)

Машина жетекшісінің (колонна басшысының) әскери атағы, ТАӘ (ол бар болған кезде)








      жол жүру маршруты;

      аялдайтын және қонатын орындар;

      рейс жасау мақсаты;

      рейс жасауға жоспарланған кезең.

      Жүру уақытын ұзарту қажет болған кезде өтінім мынадай мазмұндағы мәтінмен толықтырылады: "Жоғарыда көрсетілген Қағида 7-тармағының 2) тармақшасына" сәйкес,

      __________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________ байланысты,

      (себебі көрсетіледі)

      Сізден рейс жасау кезеңінде сағат ____.___-ден ____.___-ге дейін көлік құралын пайдалануға (пайдалану уақыты көрсетіледі)

      рұқсат етуіңізді сұраймын.

  ____________________________

      ____________________________

      (өтінім беруге уәкілетті адамның

      лауазымы, әскери атағы, тегі, инициалы)

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің
көлік құралдарын 200
километрден артық
қашықтықта бақылауды және
пайдалануды ұйымдастыру
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  Бекітемін
  ____________________________
  ____________________________
  Мөрдің орны 20__ жылғы "___"
  ___________

_________________әскери бөлімі (мекеме) көлік құралының техникалық жай-күйін тексеру АКТІСІ

      Көлік құралының маркасы _________________ әскери нөмірі _________________

      Жүргізуші________________________________________________________________

      (әскери атағы, ТАӘ (ол бар болған кезде))

      Жүргізуші куәлігі: сериясы _____№__________________, санаты _________________

      1. Жалпы тіркеу деректері:

      1) шанақтың нөмірі ________________________________________________________

      2) шассидің нөмірі __________________________________________________________

      3) қозғалтқыштың нөмірі ____________________________________________________

      4) спидометр көрсеткіші (пломбаның бар болуы және сәйкес келуі) ________________

      5) көлік құралын тіркеу туралы куәліктің нөмірі _________________________________

      2. Көлік құралының техникалық жай-күйі _____________________________________

      1) шанақтың және қосалқы жабдықтың жай-күйі ________________________________

      2) қозғалтқыштың жай-күйі _________________________________________________

      3) тежегіш жүйесінің жай-күйі ________________________________________________

      4) рульдік басқарудың жай-күйі _______________________________________________

      5) электр жабдықтарының және жарық сигналдарының жай-күйі __________________

      6) шиналардың жай-күйі _____________________________________________________

      3. Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің және тану белгілерінің бар болуы және сәйкес келуі

      __________________________________________________________________________

      4. Жүргізушіні хабардар ету сигналының бар болуы және ақаусыздығы (жеке құрамды тасымалдауға арналған көлік құралдарында)

      _________________________________________________________

      5. Медициналық қобдишаның бар болуы және жабдықталуы _____________________

      6. Өрт сөндіргіштің бар болуы және жай-күйі __________________________________

      7. Қауіпсіздік белбеулерінің бар болуы және жай-күйі ___________________________

      8. Орындықтардың бар болуы және жай-күйі (жеке құрамды тасымалдауға арналған көлік құралдарында)

      __________________________________________________________________________

      9. Жүргізуші және шанецтік құрал-саймандарының бар болуы _____________________

      Командирдің қару-жарақ жөніндегі орынбасары (материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімшесінің бастығы)

      _____________________________________________________________

      ________________________________________________________________/________/

      (әскери атағы, ТАӘ (ол бар болған кезде))       қолы

      Автомобиль қызметінің бастығы ___________________________________/_________/

      (әскери атағы, ТАӘ (ол бар болған кезде))       қолы

      Бөлімше технигі_________________________________________________/_________/

      (әскери атағы, ТАӘ (ол бар болған кезде))       қолы

      Бақылау-техникалық пунктінің бастығы______________________________/_________/

      (әскери атағы, ТАӘ (ол бар болған кезде))       қолы

      Жүргізуші ______________________________________________________/_________/

                              (әскери атағы, ТАӘ (ол бар болған кезде))             қолы

      20___жылғы "___"__________

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің
көлік құралдарын 200
километрден артық
қашықтықта бақылауды және
пайдалануды ұйымдастыру
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан
  _________________ гарнизоны
әскери полиция басқармасының
(жасағының, бөлімінің,
бөлімшесінің) бастығына

      Әскери бөлімнің

      (мекеменің)

      бұрыштама мөртаңбасы

Өтінім

      "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің көлік құралдарын 200 километрден артық қашықтықта бақылауды және пайдалануды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 20__ жылғы "__"_________ №___ бұйрығына сәйкес Сізден ______________________________

      (әскери бөлім немесе мекеме атауы)

      әскери техниканы 200 километрден артық қашықтыққа рейс жасауға біржолғы рұқсаттама беруіңізді сұраймын.

      Техника, техникалық ақаусыз жай-күйде, жүргізуші құжаттары бар, жүргізушілерге нұсқау беру жүргізілді.

      Қосымша:

      1) рейс жасауға негіздеме (рұқсаттама) __________________________________;

      (құжаттың атауы және тіркеу нөмірі)

      2) көлік құралының техникалық жай-күйін тексеру актісі.

      ____________________________________

      ____________________________________

      (өтінім беруге уәкілетті адамның лауазымы,

      әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде)

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің
көлік құралдарын 200
километрден артық қашықтыққа
бақылауды және пайдалануды
ұйымдастыру қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ
___________________________ көлік құралдарын 200 километрден артық қашықтықта
(әскери бөлімнің немесе мекеменің атауы) пайдалану үшін
№ _______________ БІРЖОЛҒЫ РҰҚСАТТАМА
20___жылғы "___" _______ 20___ жылғы "___" _______ кезеңінде жарамды (жылы, күні, айы) (жылы, күні, айы)
"____________"-ден "___________" дейін бағыт бойынша жүруге рұқсат (сағаты, минуты) (сағаты, минуты)
Көлік құралының санаты _____________________________________________________
(Қағиданың 3-тармағына сәйкес айқындалады)
Жол жүру маршруты: ________________________________________________________
(бастапқы, аяқталу және транзиттік пункттері көрсетіледі)
Шығу мақсаты: _____________________________________________________________
Тасымалданатын жүк: _______________________________________________________
Лек бастығы ________________________________________
(әскери атағы, ТАӘ (ол бар болған кезде))
Көлік құралдары туралы мәліметтер
№ р/с Көлік құралының маркасы Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі
(транзиттік нөмірі)
Тіркеменің маркасы Тіркеменің мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі
(транзиттік нөмірі)
Жүргізушінің әскери атағы, ТАӘ (ол бар болған кезде) Машина жетекшісінің әскери атағы, ТАӘ(ол бар болған кезде)





















 
Біржолғы рұқсаттаманы берген әскери полицияның (әскери бөлімнің, мекеменің) лауазымды адамы:
_______________________________________________________
(лауазымы, әскери атағы, қолы, ТАӘ (ол бар болған кезде))
20___ жылғы "____" ____________
(біржолғы рұқсаттама берілген күні) Мөрдің орны

Әскери бөлімдерге (мекемелерге) түнгі демалысқа тоқтағаны, гарнизондарды өткені туралы әскери полиция органдарының белгісі


      Артқы жағы

Әскери бөлімдерге (мекемелерге) түнгі демалысқа тоқтағаны, гарнизондарды өткені туралы әскери полиция органдарының белгісі

Біржолғы рұқсаттаманы ұзарту туралы белгі
20__жыл "__"____ дейін біржолғы 20__жыл "__"____ дейін біржолғы
рұқсаттама ұзартылды рұқсаттама ұзартылды (жылы, күні, айы) (жылы, күні, айы)
МО ______________________________ МО ______________________________
(ӘПО әскери қызметшісінің (ӘПО әскери қызметшісінің лауазымы, лауазымы, әскери атағы, қолы, әскери атағы, қолы, ТАӘ (ол бар болған кезде)) ТАӘ (ол бар болған кезде))
20__жыл "__"____ дейін біржолғы 20__жыл "__"____ дейін бір жолғы рұқсаттама ұзартылды рұқсаттама ұзартылды (жылы, күні, айы) (жылы, күні, айы)
МО ________________________________ МО ______________________________
(ӘПО әскери қызметшісінің лауазымы, (ӘПО әскери қызметшісінің лауазымы, әскери атағы, қолы, әскери атағы, қолы, ТАӘ (ол бар болған кезде)) ТАӘ (ол бар болған кезде))
Маршрутты өзгерту туралы белгі
Жол жүру маршруты Жол жүру маршруты толықтырылды
________________________ толықтырылды ________________
(елді мекеннің атауы) (елді мекеннің атауы)
МО ___________________________________ МО ______________________________
(ӘПО әскери қызметшісінің (ӘПО әскери қызметшісінің лауазымы, әскери атағы, қолы, лауазымы, әскери атағы, қолы, ТАӘ
(ол бар болған кезде)) ТАӘ (ол бар болған кезде))
Жол жүру маршруты Жол жүру маршруты толықтырылды _____________________ толықтырылды ______________________
(елді мекеннің атауы) (елді мекеннің атауы)
МО ___________________________________ МО ______________________________
(ӘПО әскери қызметшісінің лауазымы,
(ӘПО әскери қызметшісінің лауазымы, әскери атағы, қолы, әскери атағы, қолы,
ТАӘ (ол бар болған кезде)) ТАӘ (ол бар болған кезде))
Жүргізушіні, машина жетекшісін, лек бастығын ауыстырғаны туралы белгі
__________________________________ ________________________
ауыстыру жүргізілді (лауазымды адамның әскери атағы, (лауазымды адамның әскери атағы, ТАӘ (ол бар болған кезде)) ТАӘ (ол бар болған кезде))
МО ____________________________________________________________________________
(ӘПО әскери қызметшісінің лауазымы, әскери атағы, қолы, ТАӘ (ол бар болған кезде))
__________________________________ _________________________
ауыстыру жүргізілді (лауазымды адамның әскери атағы, (лауазымды адамның әскери атағы, ТАӘ (ол бар болған кезде)) ТАӘ (ол бар болған кезде))
МО _____________________________________________________________________ (ӘПО әскери қызметшісінің лауазымы, әскери атағы, қолы, ТАӘ (ол бар болған кезде))

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің
көлік құралдарын 200
километрден артық қашықтықта
бақылауды және пайдалануды
ұйымдастыру қағидаларына
5-қосымша
  Нысан
  Бекітемін
  ____________________________
____________________________
Мөрдің орны 20__ жылғы "___" _____________

_____________ әскери бөлімінің (мекеменің) автомобиліне трекерді монтаждау (бөлшектеу) актісі

      Осы акт ___________әскери бөлімінің (мекеменің)__________________________ көлік

      (маркасы және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі)

      құралына жасалды:

      1)______________________________________________________________________ (әскери бөлімнің немесе мекеменің автомобиль техникасын пайдалануға жауапты адамның лауазымы, әскери атағы, ТАӘ (ол бар болған кезде))

      2)______________________________________________________________________

      (жүргізушінің әскери атағы, ТАӘ (ол бар болған кезде))

      қатысуымен 20__ жылғы __ __________ сағат ___минут____ орнатылды:

      трекердің сериясы _____№_________;

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (трекердің жиынтықтаушылары көрсетіледі: антенналар, қуат кабелі, сигнал беру пульті және т.с.с.)

      Трекер техникалық түзу.

      Трекердің ақаусыздығын және жабдықталғанын растаймын:

      _____________________________________________________________/____________/

      (әскери бөлімнің немесе мекеменің автомобиль техникасын пайдалануға жауапты қолы

      адамның лауазымы, әскери атағы, ТАӘ (ол бар болған кезде))

      Тапсырды ____________________________________________________/____________/

      (әскери полиция әскери қызметшісінің әскери атағы, ТАӘ (ол бар болған кезде)) қолы

      Қабылдады: _________________________________________________/____________/

      (жүргізушінің әскери атағы, ТАӘ (ол бар болған кезде)) қолы

      Жүргізуші трекерді пайдалану қағидаларымен танысты.

      ________________________________________________________________/________/

      (жүргізушінің әскери атағы, ТАӘ (ол бар болған кезде)) қолы

      Трекерді бөлшектеу жүргізілді. Бөлшектеуді жүргізу кезінде мынадай кемшіліктер анықталды: _________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Тапсырды:_____________________________________________________/__________/

      (жүргізушінің әскери атағы, ТАӘ (ол бар болған кезде))             қолы

      Қабылдады:__________________________________________________/____________/

      (ӘПЖ әскери қызметшісінің әскери атағы, ТАӘ (ол бар болған кезде)) қолы

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің
көлік құралдарын 200
километрден артық қашықтықта
бақылауды және пайдалануды
ұйымдастыру қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

Бақылау парағы

      ______________________________________ ____________________________________

      (әскери бөлім/мекеме атауы)             (әскери бөлім/мекеме бағыныстылығы)

      ___________________________________ ______________________________________

      (әскери бөлім командирі/мекеме бастығы)             (рейс жасау мақсаты)

      ___________________________________ ______________________________________

      (біржолғы рұқсаттаманың нөмірі, кім берді) (пайдалануға рұқсат берілген уақыт кезеңі)

      __________________________________________________________________________

      (арнайы әскери автомобиль полиция автомобильдерімен ілесіп жүру туралы ақпарат)

Көлік құралы (лек) туралы мәлімет

Маркасы

Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі

Тіркеме маркасы

Тіркеменің мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі

Жүргізушінің әскери атағы, ТАӘ (ол бар болған кезде), ұялы телефонының нөмірі

Машина жетекшісінің (лек бастығының) әскери атағы, ТАӘ (ол бар болған кезде), ұялы телефонының нөмірі

Жол жүру маршруты

Маршрут ұзақтығы
(бір бағыттағы)









Жеке құрамды, қару-жарақ пен әскери техниканы, қару мен оқ-дәрілерді жеткізу туралы жалпы мәліметтер

Жүргізушілерді және машина жетекшілерін қоа алғанда, жеке құрамның саны

Техниканың саны

Қару мен
оқ-дәрілер саны

Ескертпе

Офицерлер

Сержанттар (старшиналар мен сарбаздар (матростар) құрамындағы келісімшарт бойынша әскери қызметшілер

Мерзімді қызмет әскери қызметшілері

Азаматтық персонал

Барлығы

Автомобиль

Броньды танк

Тіркемелер

Барлығы

Атыс қаруы

Қару, минаатқыштар

Оқ-дәрілер














Көлік құралының (лектің) жоспарланған жол жүру туралы ақпарат

Кету пункттері, транзиттік пункттер, келу пункттері

Жол жүру басталған күні және уақыты

Жол жүру жылдамдығы

Келесі пунктіге дейінгі қашықтық

Келген күні мен уақыты

Демалу орындары

Жанармай құю пункттері

Ескертпе









      __________________________________________________________________________

      (әскери бөлім бойынша кезекшінің әскери атағы, ТАӘ (ол бар болған кезде) және қолы)

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің
көлік құралдарын 200
километрден артық қашықтықта
бақылауды және пайдалануды
ұйымдастыру қағидаларына
7-қосымша
  Нысан

20_ жылғы "___" __________ 200 километрден артық автомобиль техникасының легін пайдалану (жеке құрамды, қару-жарақты, оқ-дәрілер және басқа да мүліктерді жеткізу) ЖОСПАРЫ

Барлығы бар

__ лектер



Барлық қару-жарақ пен әскери техника

___ бірлік



Қозғалыста

__ лектер



Шығуға жоспарлануда

__ лектер



Әскери автомобиль полициясының еріп жүруімен

__ лектер




Р/с №

Әскери бөлім (мекеме)

Жол жүру маршруты

Маршруттың ұзақтығы, километр (екі бағыттағы)

Біржолғы рұқсаттама нөмірі, күні және әрекет мерзімі

Шығу мақсаты

Тұрақты орналасу пунктінен шығу уақыты

Техника атауы

Жүргізушілер, жетекшілер жеке құрам



















      Кестенің жалғасы

Жүрісті бақылау

Тұрақты орналасу пунктіне келуді жоспарлау күні

Белгіленген пунктте

Кері бағытта

Мүліктің атауы, саны (дана, жиынтық), көлемі (килограмм)

Бағыттас жүк (әскери бөлім, атауы, саны, көлемі)

Түнеу: (елді мекен, әскери бөлім, күні, уақыты)

Мүліктің атауы, саны (дана, жиынтық), көлемі (килограмм)

Бағыттас жүк (әскери бөлім, атауы, саны, көлемі)

Түнеу: (елді мекен, әскери бөлім, күні, уақыты)















      Жедел кезекші

      _________________________________

      (әскери атағы және тегі)

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің
көлік құралдарын 200
километрден артық қашықтықта
бақылауды және пайдалануды
ұйымдастыру қағидаларына
8-қосымша
  Нысан

Келісілді
_______________________________________
(лауазымы, әскери атағы және тегі)
20_ жылғы "____" ____________

Бекітемін
______________________________
(лауазымы, әскери атағы және тегі)
_______________________________________
(лауазымы, әскери атағы және тегі)
20_ жылғы "____" ____________

___________________(ай, жыл) автомобиль көлігімен материалдық-техникалық құралдарды тасымалдау жоспары

Р/с №

Тасымалдауды тапсырушы

Жүк атауы

Жүк массасы (саны), тонна

Автокөлік бөлетін әскери бөлім (мекеме)

Көлік құралдарының қажетті саны

Автокөліктің келу орны және уақты

Тасымалдау бағыты

Барлығы

Оның ішінде автокөлікпен тасымалдауға жатады

Жүк автомобильдері

Автожанармайцистерналары

Тіркемелер

Күні және уақытыы

Мекенжай бойынша

Қайдан

Қайда

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету полктері

Тапсырушының

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14















      Кестенің жалғасы

Жеткізу иіні және рейстер саны

Тасымалдау мерзімі

Мотоқор шығыны, мың.км

Тасымалдауға жауапты

Кері бағытта не алып қайтуға жоспарлануда

Ескертпе

Басталуы

Аяқталуы

15

16

17

18

19

20

21








      ___________________________________________

      (лауазымы, әскери атағы және тегі)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады