2025 жылға Көкшетау қаласында кондоминиум объектісін басқаруға және жалпы мүлікті күтіп-ұстауға арналған ең төмен шығыстар мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № С-18/9 шешімі

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-3 бабы 1-тармағына сәйкес Көкшетау қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Көкшетау қаласы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың 2025 жылға арналған ең төмен мөлшері 1 шаршы метрі үшін ай сайын 65,58 теңге мөлшерінде бекітілсін.

      2. Арттыру коэффициенті міндетті түрде кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес ғимараттардың сыныбына, қабаттылығына және пайдалану мерзіміне байланысты кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстау жөніндегі шығыстардың бекітілген ең төменгі мөлшеріне қолданылуы тиіс.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы Д.Әкімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады