2024 жылға арналған Степногорск қаласының кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы № 8С-11/13 шешімі

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-3 бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 166 "Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20284 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. 2024 жылға арналған Степногорск қаласының кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшері айына бір шаршы метр үшін 57,87 теңге сомасында бекітілсін.

      2. Осы шешімнің 1-тармағында белгіленген шығыстардың ең төмен мөлшері пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің жиналысы өткізілгеннен кейін қолданылсын, оның шешімі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 42-1-бабының 6-2-тармағының талаптарына сәйкес хаттамамен ресімделсін.

      3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихаттың төрағасы О.Жағыпаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады