"Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8-тармағына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 56-бабының 12-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9946 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2025 жылға арналған Ақкөл ауданының елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшері:
1) көтерме жәрдемақы жүз еселенген айлық есептік көрсеткішке тең сомада;
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бюджеттік кредит:
ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада көрсетілсін.
2. Тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін көтерме жәрдемақы және әлеуметтік қолдау – бюджеттік кредит ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын басшы лауазымдарды атқаратын адамдарды қоспағанда, "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне беріледі.
3. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Ақкөл аудандық мәслихатының төрағасы | С.Абаханов |