Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № С 33-5 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 8-бабына, "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Ақкөл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақкөл ауданының әкімдігі айқындаған тәртібі мен шарттарында "Ақкөл аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі жанындағы "Тілдерді оқыту орталығы" және Ақкөл аудандық ішкі саясат бөлімінің "Ақкөл ауданы жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына 30 пайыз мөлшерінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақылары белгіленсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Ақкөл аудандық мәслихатының төрағасы С.Абаханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады