Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" қаулысының 5-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен "Аршалы ауданының Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне Аршалы ауданының әкімдігі айқындаған тәртіппен және шарттарда ай сайынғы лауазымдық жалақысына 50 пайыз мөлшерінде ынталандырушы үстемеақылар белгіленсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Аудандық мәслихатының төрағасы | Ә.Балташев |