Жергілікті бюджет қаражаты есебінен "Аршалы ауданының Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 29/4 шешімі

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" қаулысының 5-тармағы 3)-тармақшасына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен "Аршалы ауданының Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне Аршалы ауданының әкімдігі айқындаған тәртіппен және шарттарда ай сайынғы лауазымдық жалақысына 50 пайыз мөлшерінде ынталандырушы үстемеақылар белгіленсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Аудандық мәслихатының төрағасы Ә.Балташев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады