"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 2-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына және Атбасар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2024 жылғы 3 маусыдағы № 01-28-420 ұсынысы негізінде, Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Мариновка ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Ақмола облысы Атбасар ауданы Мариновка ауылдық округінің Мариновка ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллезі бойынша шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.
2. Ақмола облысы Атбасар ауданы Мариновка ауылдық округінің әкімінің "Атбасар ауданы Мариновка ауылдық округінің Мариновка ауыл аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2023 жылғы 5 маусымдағы № 7 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешімнің алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мариновка ауылдық округінің әкімі | Е.Мухамедьянов |