Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 қыркүйектегі № 8С23-8 шешімі

      "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Егіндікөл ауданының әкімдігі айқындаған тәртібі мен шарттарында жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Егіндікөл ауданы ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Егіндікөл ауданы ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің "Тілдерді оқыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен 30 пайыз мөлшерінде ынталандыру үстемеақылары белгіленсін.

      2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Егіндікөл аудандық мәслихатының төрағасы Қ.Шынтеміров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады