Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Қорғалжын аудандық мәслихатының 2024 жылғы 21 қарашадағы № 1/24 шешімі

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" қаулысының 5 - тармағының 3) - тармақшасына сәйкес, Қорғалжын аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қорғалжын ауданының әкімдігі айқындаған тәртібі мен шарттарында жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Қорғалжын ауданы ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің "Тілдерді оқыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің және "Қорғалжын ауданы жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен 30 пайыз мөлшерінде ынталандыру үстемеақылары белгіленсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 10 қыркүйектен бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Қорғалжын аудандық мәслихатының төрағасы Б.Рыспаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады