Қоғамдық сервитут орнату туралы

Жаңа

Ақмола облысы Сандықтау ауданы Широков ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 28 тамыздағы № 4 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35, 37-баптарына сәйкес Широков ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Богородка ауылында орналасқан "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына жер учаскелерін алып қоймай, 10 жыл мерзімге талшықты-оптикалық байланыс желілері мен телефон кәріздерін төсеу және оларға қызмет көрсету үшін жалпы ауданы 0,1340 га қоғамдық сервитут белгіленсін.

      2. "Қазақтелеком" Акционерлік қоғамы талшықты-оптикалық байланыс желілері мен телефон кәріздерін төсеу және оларға қызмет көрсету мақсатында жер учаскесін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкімнің міндетін атқарушы
Широков ауылдық округі
К.К.Сенгирбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады