Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 7194-23-00-4/3463 Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешіміне сәйкес Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Alkord" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне осы қаулының қосымшасына сәйкес 30 жыл мерзімге қоғамдық мүдделерді ескере отырып, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде және Целиноград ауданының қорындағы жерлерінде жария сервитут белгіленсін.
2. "Alkord" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердегі және Целиноград ауданының босалқы жерлеріндегі аңшылық алқаптарының аумағына немесе акваториясына кіретін учаскелерде аңшылық және балық аулау саласындағы қызметтерді жүзеге асырсын.
3. "Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберсін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Целиноград ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырсын.
4. Целиноград ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 03 мамырдағы № А-5/134 "Alkord" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жария сервитут белгілеу туралы қаулысының күші жойылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Е. К. Жиенбековке жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Целиноград ауданының әкімі | Д.Сабырғали |
Целиноград ауданы әкімдігінің 2024 жылғы "31" шілдедегі № А-7/221 қаулысына Қосымша |
Қоғамдық сервитут белгіленетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер және Целиноград ауданының қорындағы жерлер
р.б№ | Объектінің атауы | Көлдің координаттары | Ауданы, га | Ауылдық округтің атауы | |
солтүстік ендік | шығыс бойлық | ||||
1 | Жарлыкөл көлінің айналасындағы жағалау аймағы | 50.610770 | 70.972181 | 103,5 (Жағалау сызығынан 50 метрге дейінгі бүкіл жағалау аймағы бойындағы жер учаскесі) | Жарлыкөл ауылдық округі, Жалғызқұдық ауылы |
2 | Ұзынкөл көлінің айналасындағы жағалау аймағы | 50.570984 | 70.884392 | 73 (Жағалау сызығынан 50 метрге дейінгі бүкіл жағалау аймағы бойындағы жер учаскесі) | Жарлыкөл ауылдық округі, Жалғызқұдық ауылы |
3 | Аши-Құмкөл көлінің айналасындағы жағалау аймағы | 50.555597 | 70.789264 | 99 (Жағалау сызығынан 50 метрге дейінгі бүкіл жағалау аймағы бойындағы жер учаскесі) | Жарлыкөл ауылдық округі, Жалғызқұдық ауылы |
4 | Шоктал бөгетінің айналасындағы жағалау аймағы | 50.512464 | 70.991982 | 23,45 (Жағалау сызығынан 50 метрге дейінгі бүкіл жағалау аймағы бойындағы жер учаскесі) | Жарлыкөл ауылдық округі, Жалғызқұдық ауылы |