"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары мен аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 6 наурыздағы № 213 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары мен аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9792 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Астана қаласының Полиция департаменті туралы ережеде (5-қосымша):

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Департаменттің орналасқан жері: индексі 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, "Байқоныр" ауданы, С.Сейфуллина көшесі, 37-үй.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Түркістан облысының Полиция департаменті туралы ережеде (54-қосымша):

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Департаменттің орналасқан жері: индексі 161201, Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа Қала шағын ауданы, 11-көшесі, 69-құрылыс.";

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаменті (Қ.С. Дүйсембеков) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электронды түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Астана қаласы және Түркістан облысының полиция департаменттерінің бастықтарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте тіркеуші органдарда құрылтай құжаттарындағы өзгерістерді тіркеуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты
Е. Саденов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады