Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Ақпараттық-өндірістік орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын көрсететін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің телнұсқасын және жоғары сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін жеделдетіп дайындау және беру жөніндегі қызметтерге бағалар прейскурантын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 24 маусымдағы № 516 бұйрығы

      "Жол жүрісі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 70-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Ұсынылып отырған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Ақпараттық-өндірістік орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын көрсететін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің телнұсқасын және жоғары сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін жеделдетіп дайындау және беру жөніндегі қызметтерге бағалар прейскуранты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі полиция
генерал-лейтенанты
Е. Саденов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

      _____________________________

      2024 жылғы "_____"___________

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2024 жылғы 24 маусымдағы
№ 516 бұйрығымен
бекітілген

Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын көрсететін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің телнұсқасын және жоғары сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінжеделдетіп дайындау және беру жөніндегі қызметтерге БАҒАЛАР ПРЕЙСКУРАНТЫ

Дайындау мерзімі

ҚҚС-ны есепке алмағандағы баға (теңге)

Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Семей, Тараз, Қызылорда, Түркістан, Талдықорған, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Орал, Өскемен қалалары үшін:

Мерзімділігі 1-санатты – 1 (бір) жұмыс күнінде (өтініштер мен құжаттарды қабылдау, сондай-ақ мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін беру күндері мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді)

13 773,9

Жезқазған, Қонаев, Көкшетау қалалары үшін, сондай-ақ аудандар мен облыстық деңгейдегі қалалар үшін:

Мерзімділігі 2-санатты – 5 (бес) жұмыс күні ішінде (өтініштер мен құжаттарды қабылдау, сондай-ақ мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін беру күндері мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді)

19 436,51


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады