"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 140-бабының 2-тармағына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын және қазыналық кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы мектепке дейінгі ұйымдарды, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарын қоспағанда, Ақтөбе облысының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза табысының бір бөлігін аудару нормативі бекітілсін.
2. "Ақтөбе облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі | А. Шахаров |
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2024 жылғы 26 сәуірдегі № 113 қаулысына қосымша |
"Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын және қазыналық кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы мектепке дейінгі ұйымдарды, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарын қоспағанда", Ақтөбе облысының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза табысының бір бөлігін аудару нормативі
1. Ақтөбе облысының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза табысының бір бөлігін тиісті бюджетке аудару нормативі мынадай түрде айқындалады:
таза кіріс 3 000 000 теңгеге дейін | таза кіріс сомасынан 5 пайыз |
таза кіріс 3 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін | 150 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 10 пайыз |
таза кіріс 50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейін | 4 850 000 теңге + 50 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 15 пайыз |
таза кіріс 250 000 001 теңгеден 500 000 000 теңгеге дейін | 34 850 000 теңге + 250 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 25 пайыз |
таза кіріс 500 000 001 теңгеден 1 000 000 000 теңгеге дейін | 97 350 000 теңге + 500 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 30 пайыз |
2. Денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын Ақтөбе облысының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындары үшін таза табыстың бір бөлігін аудару нормативі 5 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
3. Ақтөбе облысының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының иелігінде қалған таза кірістің бір бөлігі коммуналдық мемлекеттік басқару органымен келісілген нақты жобалар бойынша кәсіпорынды дамытуға жіберіледі.